Аз қамтылғын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметті тұтыну мен тұрғын үйді ұстау үшін төлем етуге тұрғын үй көмегін көрсету ережелерін бекіту туралы

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 14/87 шешімі. Ақмола облысы Зеренді ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 23 қаңтарда тіркелді № 1-14-93. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 34-217 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2010.11.03 қарашадағы № 34-217 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік Кодексінің 53 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6,7 баптарына және аудан әкімінің ұсынысына сәйкес Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметті тұтыну мен тұрғын үйді ұстау үшін төлем етуге тұрғын үй көмегін көрсету ережелері қосымшаға сай бекітілсін.
      2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде № 1-14-78 нөмірімен тіркеліп, 2008 жылғы 14 наурыздағы № 21 «Бірлік-Единство» газетінде жарияланған, аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 12 ақпандағы №6-38 «Аз қамсыздандырылған азаматтарға коммуналдық шығындарды өтеу және тұрғын үйлерді  пайдалану үшін тұрмыстық жәрдемақы төлеу ережесі туралы» шешімінің күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы шешім Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы
      аудандық Мәслихат
      хатшысы                               К.ХАСЕНОВ

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Зеренді ауданының
      әкімі                                 Е.Сағдиев

      «Жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің меңгерушісі        З.Б.Қазиақпарова

      «Экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы             Б.Н. Әбутәліпов

БЕКІТІЛДІ
Аудандық Мәслихаттың
2008 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 14-87 шешімімен

Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметті тұтыну мен тұрғын үйді ұстау үшін төлем етуге тұрғын үй көмегін көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ережелер Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағы негізінде әзірленді.
      2. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстау үшін төлем етуге көмек көрсетіледі.
      3. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға алаңның белгіленген нормасынан тыс төлем ету жалпы негіздемелерде өткізіледі. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы бір адамға 18 шаршы метр белгіленеді. Жалғыз тұратын азаматтар үшін өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы бір адамға 30 шаршы метр белгіленеді, бірақ бір бөлмелі пәтердің алаңынан кем емес.
      4. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі осы жерде тұрақты мекендейтін және тұрғын үйдің меншік иесі немесе жалға алушылар болып табылатын тұлғаларға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      5. Тұрғын үй көмегі отбасының деректі шығындарының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған төлемдерден, осы мақсаттарға арналған шекті мүмкінді шығындарынан жоғары болған жағдайда беріледі.
      6. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну үшін төлем етуге шекті мүмкінді шығындар үлесі отбасы табыстары жиынтығының 11 % (пайыз) мөлшерінде белгіленеді.
      7. Осы Ереженің 2 тармағына сәйкес тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтар бар отбасылар мен тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жағдайларда жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін кондоминиумның ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жасауға арналған шығындарға өтемақы алуға құқылы.
      8. Коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері (сумен қамту, газбен қамту, канализация, электрмен қамту, жылумен қамту, қоқыс шығару) деректі тұтыну мөлшерінен белгіленеді, бірақ құрылыс нормалары мен ережелері жөніндегі есептерге сәйкес шекті шамалардан артық емес болуы тиіс.
      9. Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалану нормативтері мен тарифтері заңнамамен белгіленген тәртіпте анықталмаған жағдайда шығындарды өтеу деректі шығындар бойынша өткізіледі, бірақ коммуналдық қызметтерді тұтынудың белгіленген нормативтерінен артық емес болуы тиіс. Коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеу құралдары бар тұтынушылар үшін есепке алынатын шығындар алдағы тоқсан бойынша есептеу құралдарының көрсеткіштері негізінде деректі шығындар бойынша анықталады, бірақ коммуналдық қызметтерді тұтынудың белгіленген нормативтерінен артық болмауы тиіс. Стационарлық газ плиталары жоқ үйлер үшін отбасының бір мүшесіне айына газ беру нормасы 4 кг құрайды.
      10. Барлық коммуналдық қызметтерге тарифтер және тұрғын үй көмегін есептеу үшін олардың өзгерулері қызмет берушілермен ұсынылады.

2. Жергілікті отынмен жағылатын жеке тұрғын үйлерде тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі

      11. Жергілікті отынмен жағылатын жеке тұрғын үйлерде тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегі тұрғын үйдің меншік иелеріне, тұрғын үйді жалдау келісім болған жағдайда жалға алушыларға беріледі.
      12. Жергілікті отынмен жағылатын жеке тұрғын үйлерде тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеу үшін тұрғын үйдің әлеуметтік нормасына сәйкес отын шығыны ескерілсін.
      13. Көмірдің бағасын есептеу үшін тұрғын үй көмегін есептеу тоқсанының алдындағы тоқсанның соңғы айы (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан) жағдайына статистика және ақпарат басқармасымен ұсынылатын аудан бойынша орташа бағалар пайдаланылсын.
      14. Жергілікті отынмен жағылатын жеке тұрғын үйлер үшін пайдаланылатын шығын нормасы мен өзге отын түрінің бағасы тұрғын үй көмегін есептеу кезінде шығын нормасы мен көмір бағасына баламалы болып саналсын.
      15. Көмірді сатып алудың маусымдылығына байланысты тұрғын үй көмегін есептеу кезінде тұрғын үйге барлық әлеуметтік шығын нормасы (көмірдің бағасы) өтініш беру тоқсанында үш айға саналсын.
      16. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде жеке тұрғын үйде тұратын отбасының орташа табысы өтініш беру тоқсаны алдындағы тоқсанға есептелсін.
      17. Электрмен қамту, газбен қамту, сумен қамту, қоқыс шығару жөніндегі шығындар түбіртектер бойынша өтініш беру тоқсаны алдындағы тоқсанға орташа есепке алынады.

3. Тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі

      18. Жеке меншігінде тұрғын үйдің бір бірлігінен артық үйі (пәтер, үйлер) бар немесе тұрғын үйлерді жалға беретін тұлғалардың тұрғын үй көмегін алуға құқықтары болмайды.
      19. Құрамында 1,2 топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтетін немесе 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелейтін тұлғалардан басқа «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде тіркелмеген, қызмет етпейтін, оқымайтын, әскерде қызмет өткермейтін еңбекке қабілетті тұлғалар бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқықтары жоқ. Мерзімді әскери қызметтегі тұлғалар отбасы құрамына саналмайды.
      20. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген күнінен бастап 3 ай мерзіміне беріледі. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу бастапқы ресімдеу рәсіміне ұқсас болады.
      21. Тұрғын үй көмегін тағайындауға ниет білдірген отбасыларға (азаматтарға) есептеу кезінде келесі шектеулер есепке алынады:
      1) арыз беруші заңды некеде тұр, бірақ жұбайы берілген мекен-жайда тұрмайды - ерлі-зайыптылардың екеуінің табыс жиынтығы есепке алынады және тұрғын үй көмегі тұрғын үй көмегіне қолдаухат берген жұбайының мекен-жайы бойынша тағайындалады;
      2) арыз беруші заңды некеде тұр, бірақ жұбайының мекен-жайын білмесе (көрсетпесе) және осы мәселе бойынша құқық қорғау орындарына жолықпаса - тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      22. Тұрғын үй көмегін тағайындауға ниет білдірген немесе оны алатын отбасылар көмекті ресімдеу үшін келесі құжаттарды қоса отырып (түпнұсқалары мен көшірмелер) өтініш береді:
      1) Үй иесімен (жалдаушымен) бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің жеке басын анықтайтын құжаттар;
      2) Тұрғын үйге құқықты бекітуші құжаттар (жекешелендіру шарты, сыйға тарту шарты, сатып алу-сату шарты және т.б.), меншік иелігіндегі тұрғын үй (пәтер, үй) бірліктерінің саны туралы ақпараттық анықтама;
      3) азаматтарды тіркеу кітабы;
      4) отбасының табыстары және өзге анықталған табыстар туралы мәліметтер (алдағы тоқсан бойынша);
      5) еңбек әрекетін растайтын құжаттар;
      6) жалғыз басты аналар үшін азаматтық хал актілерін жазу туралы әділет Басқармасынан 4 нысандағы анықтама;
      7) тұрғын үйді ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтер үшін төлем ету жөніндегі мәліметтер;
      8) Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
      9) стационарлық емес газ плиталары бар үйлер үшін газ баллондарын алу туралы түбіртегі (алдағы тоқсан бойынша)
      23. Кондоминиумның ортақ мүліктеріне күрделі жөндеуге жұмсалған шығындарға  өтемақы алуға құқықтары бар отбасылар мен тұлғалар Ереженің
      22 тармағымен қарастырылған құжаттарға қоса келесілерді ұсынады:
      1) кондоминиумның ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жасауға мақсатты жиындарды төлем ету туралы түбіртек;
      2) тұрғын үй иесі, тұрғын үй иелері кооперативі және жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын ұйым арасында бекітілген кондоминиумның ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жасауға шарттың көшірмесі;
      3) Кондоминиумның ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізілген  жұмыстарының қабылдау-тапсыру актінің көшірмесі.
      24. Ұсынылған құжаттарды қарастыру нәтижелері бойынша отбасы табыстары мен коммуналдық төлемдер енгізілетін есеп құрастырылады. Есепке отбасының өкілі немесе отбасы атынан әрекет ететін тұлға және құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлға қолдарын қояды. Есеп негізінде екі данада шарт құрастырылады, оның біреуі тұрғын үй иесіне (жалдаушыға) беріледі. Аталған шарт тұрғын үй көмегін ұсыну үшін негіз болып табылады.
      25. Электрмен қамту, пайдалану шығындары алдағы өтініш еткен тоқсанның түбіртектері бойынша есепке алынады. Жылумен, сумен қамту, канализация және қоқыс шығару жөніндегі шығындар коммуналдық қызметтерді толық төлем ету жағдайында қызмет берушілерің тарифтері бойынша және есептеу құралдары бар болған жағдайда және қызмет берушілермен коммуналдық қызметтерді қайта есептеу жағдайында төлем ету дерегі бойынша алынады.
      26. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде тұрғын үй көмегі қызметтеріне тұрғын үйі иелігі нысанының кез келген өзгерістері, отбасы құрамы және оның жиынтық табысы, сондай –ақ мәртебесі туралы ақпарат берулері тиіс.
      27. Ұсынылған ақпараттың шүбәсіздігіне күмән пайда болған жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындайтын қызметкер отбасының табыстары, тұрғын үй шығындары және отбасы мүшелерінің тұрақты мекендерін растайтын қосымша құжаттарды талап етуге құқылы. Талап етілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда тұрғын үй көмегі көрсетілмейді. Тұрғын үй көмегін көрсету қызметіне алдын ала күмәнды мәліметтер ұсынып, соның салдарынан артық немесе заңсыз тұрғын үй көмегі төленген жағдайда меншік иесі (жалдаушы) заңсыз алынған соманы өз еркі бойынша, бас тартқан жағдайда сот тәртібінде қайтарады.

4. Тұрғын үй көмегінің мөлшері

      28. Тұрғын үй көмегінің мөлшері өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде коммуналдық қызметтерді тұтынғаны және тұрғын үйді ұстау үшін меншік иесінің (жалдаушының) іс жүзіндегі төлемі мен осы мақсаттарға отбасы шығындарының шекті мүмкінді деңгейі арасындағы айырмашылығы ретінде есептеледі.

5. Тұрғын үй көмегін алуға ниет білдірген азаматтардың (отбасының) жиынтық табысын есептеу

      29. Тұрғын үй көмегін алуға ниет білдірген азаматтардың (отбасылардың) жиынтық табысы отбасы табысын анықтау үшін тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен есептеледі.
      30. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік балаларға төленетін жәрдемақылардан, қайтыс болғандарды жерлеуге және бала туғанда берілетін біржолы төлемдерден басқа, тұрғын үй көмегіне өтініш ету тоқсаны алдындағы тоқсанда алынған табыстардың барлық түрлері ескеріледі:
      1) еңбекақы түріндегі табыстар
      2) зейнетақыны барлық түрлері, мүгедекті, асыраушыдан айрылған және жас бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; арнайы мемлекеттік жәрдемақылар; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; заңнамамен және өзге нормативтік құқықтық актілермен белгіленген тәртіпте, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімдерімен және жұмыс берушілермен тағайындалатын өтемақы төлемдері;
      3) балаларға және қарауындағы жандарға берілетін алименттер.
      4) зақымданумен немесе денсаулығына келтірілген зиян салдарынан пайда болған шығындарды өтеу тәртібінде алынған біржолғы сомалар;
      5) жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыстар;
      6) жеке кәсіпкерліктен және басқа қызмет түрлерінен түскен табыстар;
      7) Азаматтардың өз еркі бойынша мәлімденген өзге табыстар.
      Еңбекақы төлемі түріндегі табыстарға келесілер жатады:
      негізгі жұмыс орны және қоса атқарушылық бойынша қызмет еткен уақыт үшін заңнамаға сәйкес қызметкерлерге төленетін еңбекақының, сондай-ақ сыйақылардың, қосымшаақылардың, үстемеақылар мен ақшалай және натуралды нысандағы әлеуметтік жеңілдіктердің барлық түрлері;
      өзге төлем түрлері (жеке еңбек шартын бұзған жағдайда, жеке еңбек шартын бұзған жағдайдағы пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысы, ұйыммен бірге қызметкерді басқа жерге ауыстырған кездегі өтемақы төлемдері, оқу демалыстарының төлемі).
      31. Ауылдық жерде тұратын тұрғындар үшін жеке қосалқы шаруашылығынан түскен табыстар (саябақ, үй маңындағы учаскелерден, бақшалардан түскен табыстардан басқа) есепті көрсеткіштің бес мәртелі көлемде есептеледі.
      32. Кәсіпкерлік қызметтен, мүліктік және жер үлесінен алынған табыс мәлімденген және т.б. сияқты есептеледі.

6. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу

      33. Барлық меншік нысандағы үйлерде тұратын тұлғаларға тұрғын үй көмегінің төлемін, тұрғын үйді күрделі жөндеуді қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      34. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді ұсынуға есептік-нормативтік шығындарды анықтау жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бақылауы бойынша өткізіледі.
      35. Тұрғын үй көмегінің төлемі тұрғын үй көмегін алуға ниет білдіргеннің жеке өтінішіне сәйкес жүргізіледі және жинақ тізілімі негізінде тұрғын үйді күрделі жөндеуге шығындардың өтемақысы екініші деңгейдегі банк арқылы өтініш берушілердің жеке шоттарына ақшалай қаражатты аудару жолымен беріледі.

Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища и потребления коммунальных услуг

Решение Зерендинского районного маслихата Акмолинской области от 18 декабря 2008 года N 14/87. Зарегистрировано Управлением юстиции Зерендинского района Акмолинской области 23 января 2009 года N 1-14-93. Утратило силу - решением Зерендинского районного маслихата Акмолинской области от 3 ноября 2010 года № 34-217

      Сноска. Утратило силу - решением Зерендинского районного маслихата Акмолинской области от 03.11.2010 № 34-217

      В соответствии со статьей 53 Бюджетного Кодекса Республики Казахстан от 24 апреля 2004 года и со статьями 6, 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении в Республике Казахстан» и на основании представления акима, Зерендинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить Правила оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища и потребления коммунальных услуг согласно приложения.
      2. Решение районного маслихата от 12 февраля 2008 года № 6-38 «Об утверждении Правил о порядке предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержания жилья и оплату коммунальных услуг» зарегистрированного в Региональном Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-14-78, опубликовано в газете «Бірлік-Единство» от 14 марта 2008 года № 21 признать утратившим силу.
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Управлении юстиции Зерендинского района и вводится в действие с момента официального опубликования.

      Председатель сессии
      секретарь районного
      Маслихата:                               К.ХАСЕНОВ

      «СОГЛАСОВАНО»

      Аким Зерендинского
      района                                   Е.Сагдиев

      Заведующая государственного
      учреждения «Отдел занятости
      и социальных программ»            З.Б.Казиакпарова

      Начальник государственного
      учреждения  «Отдел экономики и
      бюджетного планирования»            Б.Н.Абуталипов

УТВЕРЖДЕНЫ
решением районного Маслихата
от 18 декабря 2008 года №14-87

ПРАВИЛА
оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища и потребления коммунальных услуг

1. Общие положения

      1. Настоящие правила разработаны на основании статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", пункта 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях".
      2. Малообеспеченным семьям (гражданам) оказывается помощь на оплату содержания жилища.
      3. Оплата на содержание  жилища и потребление коммунальных услуг сверх установленной нормы площади производится на общих основаниях. За норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами принимается 18 квадратных метров на человека. Для одиноко проживающих граждан за норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами принимается 30 квадратных метров, но не менее площади однокомнатной квартиры.
      4. Жилищная помощь малообеспеченным семьям (гражданам) оказывается за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в данной местности и являющимся собственниками или нанимателями (арендаторами) жилища.
      5. Жилищная помощь назначается при превышении фактических расходов семьи на оплату содержания жилища и потребления коммунальных услуг, над долей предельно допустимых затрат на эти цели.
      6. Доля предельно допустимых расходов на оплату содержания жилища и потребления коммунальных услуг устанавливается к совокупному доходу семьи в размере 11% (процентов).
      7. Семьи и лица, имеющие право на получение жилищного пособия согласно пункта 2 настоящих Правил, в случаях, предусмотренным законодательством Республики Казахстан, имеют право на компенсацию затрат на капитальный ремонт общего имущества кондоминиума после завершения ремонтных работ.
      8. Нормативы потребления коммунальных услуг (водоснабжение, газоснабжение, канализация, электроснабжения, теплоснабжение, мусороудаление), устанавливаются исходя из фактического потребления, но не более предельных величин согласно расчетов по строительным норм и правил.
      9. В случае, если нормативы и тарифы на содержание жилища и потребление коммунальных услуг не определены в установленном законодательством порядке, возмещение затрат производится по фактическим расходам, но не более установленных нормативов потребления коммунальных услуг. Расходы, принимаемые к расчету для потребителей, имеющих приборы учета потребления коммунальных услуг, определяются по фактическим затратам за предыдущий квартал,  на основании показаний приборов учета, но не более установленных нормативов потребления коммунальных услуг. Для домов не стационарными газовыми плитами норма отпуска 4 кг газа на одного члена семьи в месяц.
      10. Тарифы на все коммунальные услуги и их изменения для расчета жилищной помощи предоставляются услугодателями.

2. Жилищная помощь малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в частных домостроениях с местным отоплением

      11. Жилищная помощь малообеспеченным семьям, проживающим в частных домостроениях с местными отоплением, предоставляется собственникам жилого дома, нанимателям при наличии договора - аренды жилья.
      12. Для расчета жилищной помощи семьям, проживающим в частных домостроениях с местным отоплением, учитывать расхода топлива согласно социальной нормы жилья.
      13. Для расчета стоимости угля использовать средние цены по району, предоставляемые  управлением статистики и информации по состоянию на последний месяц квартала, предшествующего кварталу расчета жилищной помощи (март, июнь, сентябрь, декабрь).
      14. Норму расхода и стоимость другого вида топлива, используемого для местного отопления частного домостроения, при расчете жилищной помощи считать эквивалентной норме расхода и стоимости угля.
      15.  В связи с сезонностью закупки угля, всю социальную норму расхода на жилой дом (стоимость угля) при начислении жилищной помощи учитывать за три месяца в квартал обращения.
      16. При начислении жилищной помощи средний доход семьи, проживающей в частном домостроении, рассчитывать за квартал, предыдущий кварталу обращения.
      17. Расходы по электроснабжению, газоснабжению, водоснабжению, мусороудалению берутся в расчет по квитанциям, средние за квартал, предыдущий кварталу обращения.

3. Порядок предоставления жилищной помощи

      18. Лица, имеющие в частной собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающие жилые помещения в наем (аренду) или поднаем, утрачивают право на получение жилищной помощи.
      19. Не имеют право на получение жилищной помощи семьи, если в них имеются трудоспособные лица, которые не работают, не учатся, не служат в армии и не зарегистрированы в государственном учреждении "Отдел занятости и социальных программ" за исключением лиц, осуществляющих уход за инвалидами 1,2 группы, уход за детьми- инвалидами в возрасте до 16 лет или занятых воспитанием ребенка в возрасте до 3 лет. Военнослужащие срочной службы не учитываются в состав семьи.
      20. Жилищная помощь назначается сроком на 3 месяца со дня подачи заявления. Перерегистрация получателей жилищной помощи аналогично первоначальной процедуре оформления.
      21.  Семьями гражданам, претендующим на назначение жилищной помощи, при начислении в расчет принимаются следующие ограничения:
      1) заявитель находится в законном браке, но супруг не прописан по данному адресу- учитываются доходы обоих супругов и жилищная помощь назначается по адресу ходатайствующего о жилищной помощи супруга;
      2) заявитель находится в законном браке, не знает (не указывает) местонахождения супруга и не обращался по этому вопросу в правоохранительные органы- жилищная помощь не назначается;
      22. Семьи, претендующие на назначение жилищной помощи или ее получающие, представляют для ее оформления заявление с приложением следующих документов (оригиналы и копии):
      1) документы, удостоверяющие личность всех членов семьи, проживающих совместно с собственником (нанимателем) жилища;
      2) правоустанавливающий документ на жилище (договор приватизации, договор дарения, договор купли-продажи и т.п.), информационная справка о количестве единиц жилья (квартиры, дома), находящихся на праве собственности (один раз в год);
      3)книга регистрации граждан;
      4) сведения о доходах семьи и прочие заявленные доходы (за предыдущий квартал);
      5) документы, подтверждающие трудовую деятельность;
      6) справка формы 4 из Управления юстиции записи актов гражданского состояния для одиноких матерей;
      7) сведения об оплате за содержание жилища, потребленные коммунальные услуг;
      8) справку о регистрации в качестве безработного;
      9) квитанцию о приобретении газовых баллонов для домов с нестационарными газовыми плитами (за предшествующий квартал)
      23. Семьи и лица, имеющие право на компенсацию затрат на капитальный ремонт общего имущества кондоминиума, представляют документы, предусмотренные пунктом 22 Правил, дополнительно:
      1) квитанции об оплате целевых сборов на проведение капитального ремонта общего имущества кондоминиума;
      2) копию договора на проведение капитального ремонта общего имущества кондоминиума, заключенного между собственником жилья, кооперативом собственников жилья и организацией, осуществляющей ремонтные работы;
      3) копию акта приема-передачи произведенных работ по капитальному ремонту общего имущества кондоминиума.
      24. По результатам рассмотрения представленных документов составляется расчет на семью, куда вносятся доход семьи и коммунальные платежи. Расчет подписывается представителем семьи или лицом, выступающим от имени семьи и лицом, осуществляющим прием документов. На основании расчета составляется договор в двух экземплярах, один из которых выдается собственнику (нанимателю) жилья. Указанный договор является основанием для предоставления жилищной помощи.
      25. Расходы по электроснабжению, эксплуатационным расходам и берутся в расчет по квитанциям, предыдущему кварталу обращения. Расходы по теплоснабжению, водоснабжению, канализации, мусороудалению берутся по тарифам услугодателей при полной оплате коммунальных услуг и по факту оплаты при наличии счетчиков и перерасчете коммунальных услуг услугодателями.
      26. Получатели жилищной помощи должны в течение 10 дней информировать службы жилищной помощи о любых изменениях формы собственности своего жилья, о составе семьи и ее совокупного дохода, а также статуса.
      27. В случае возникновения сомнения в достоверности представленной информации работник назначающий, жилищную помощь имеет право требовать дополнительные документы о доходах семьи, расходах на жилье и действительном месте постоянного проживания членов семьи. В случае не представления требуемых документов жилищная помощь не назначается. При представлении в службу жилищной помощи заведомо недостоверных сведений, повлекших за собой назначение завышенной или незаконной жилищной помощи, собственник (наниматель) возвращает незаконно полученную сумму в добровольном порядке, а в случае отказа в судебном порядке.

4. Размер жилищной помощи

      28. Размер жилищной помощи рассчитывается как разница между физическим платежом собственника (нанимателя) за содержание жилья и потребление коммунальных услуг в пределах норм, обеспечиваемых компенсационными мерами и предельно допустимым уровнем расходов данной семьи на эти цели.

5. Исчисление совокупного дохода граждан (семьи), претендующих на получение жилищной помощи

      29. Совокупный доход граждан (семьи), претендующих на получение жилищной помощи, исчисляется отделом занятости и социальных программ, осуществляющим назначение жилищной помощи для определения дохода семьи.
      30. При исчислении совокупного дохода семьи учитываются все виды доходов, кроме жилищной, государственной адресной социальной помощи, государственного детского пособия, семьям имеющим детей до 18 лет, единовременных выплат на погребение умерших и при рождении ребенка, фактически полученных за квартал, предшествовавший кварталу обращения за жилищной помощью:
      1) доходы в виде оплаты труда;
      2) все виды пенсий; стипендии; государственные социальные пособия по инвалидности, по случаю потери кормильца и по возрасту; специальные государственные пособия; государственные социальные пособия; компенсационные выплаты, назначаемые в порядке, установленном законами и иными нормативными правовыми актами, а также решениями органов местного самоуправления и работодателями;
      3) алименты на детей и других иждивенцев;
      4) единовременные суммы, полученные в порядке возмещения ущерба, причиненного увечьем или иным повреждением здоровья;
      5) доходы от личного подсобного хозяйства;
      6) доходы от предпринимательской и других видов деятельности;
      7) другие доходы, заявленные гражданами добровольно.
      К доходам в виде оплаты труда относятся:
      все виды заработков, а также премий, доплат, надбавок и социальных льгот в денежной и натуральной формах, включая денежные суммы, выплачиваемые работникам в соответствии с законодательством за проработанное время, как по основному месту работы, так и по совместительству;
      другие виды выплат (компенсационные выплаты в случае расторжения индивидуального трудового договора, за неиспользованный ежегодный трудовой отпуск при расторжении индивидуального трудового договора, при переводе работников на работу в другую местность вместе с организацией, оплата учебных отпусков).
      31. Для жителей, проживающих в сельской местности доход от личного подсобного хозяйства (за исключением доходов от дачных участков, приусадебных участков, огородов) учитывается в размере пяти кратной величины расчетного показателя.
      32. Доход от предпринимательской деятельности, доход от полученного имущественного и земельного пая учитывается как заявленный и.т.д.

6. Финансирование и выплата жилищной помощи

      33. Финансирование выплат жилищной помощи, капитального ремонта жилья лицам, проживающим в домах всех форм собственности, осуществляется за счет средств бюджета.
      34. Определение расчетно-нормативных затрат на содержание и предоставление коммунальных услуг проводится под контролем отдела занятости и социальных программ.
      35. Выплата жилищной помощи производится согласно личного заявления претендента жилищной помощи и компенсация затрат на капитальный ремонт жилья на основании сводного реестра, путем перечисления денежных средств на лицевые счета заявителей через банка второго уровня.