Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметті тұтыну мен тұрғын үйді ұстау үшін төлем етуге тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 34-217 шешімі. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 8 желтоқсанда № 1-14-148 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 4-30 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2012.04.25 № 4-30 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес және аудан әкімінің ұсынысы негізінде, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметті тұтыну мен тұрғын үйді ұстау үшін төлем етуге тұрғын үй көмегін көрсету ережесі бекітілсін.
      2. Зеренді аудандық мәслихаттың 2008 жылдың 18 желтоқсандағы № 14-87 «Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметті тұтыну мен тұрғын үйді ұстау үшін төлем етуге тұрғын үй көмегін көрсету ережелерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-14-93 тіркелген, 2009 жылдың 30 қаңтарда «Зеренді» аудан газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Ө.Айтқожин

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Қ.Ауғалиев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Зеренді ауданының әкімі                    Е.Сағдиев

      Зеренді ауданының
      «Жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            З.Қазияқпарова

      Зеренді ауданының
      «Экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Р.Ғабдуллина

Аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 3 қарашадағы
№ 34-217 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметті
тұтыну мен тұрғын үйді ұстау үшін төлем етуге
тұрғын үй көмегін көрсету
ЕРЕЖЕСІ

      Осы ережесі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстау үшін төлем етуге көмек көрсетіледі.
      2. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға алаңның белгіленген нормасынан тыс төлем ету жалпы негіздемелерде өткізіледі. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы бір адамға 18 шаршы метр белгіленеді. Жалғыз тұратын азаматтар үшін өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы бір адамға 30 шаршы метр белгіленеді, бірақ бір бөлмелі пәтердің алаңынан кем емес.
      3. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі осы жерде тұрақты мекендейтін және тұрғын үйдің меншік иесі немесе жалға алушылар болып табылатын тұлғаларға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      4. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну үшін төлем етуге шекті мүмкінді шығындар үлесі отбасы табыстары жиынтығының 11 % (пайыз) мөлшерінде белгіленеді.
      5. Осы Ереженің 1 тармағына сәйкес тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтар бар отбасылар мен тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жағдайларда жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін кондоминиумның ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жасауға арналған шығындарға өтемақы алуға құқылы.
      6. Коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері (сумен қамту, газбен қамту, канализация, электрмен қамту, жылумен қамту, қоқыс шығару) деректі тұтыну мөлшерінен белгіленеді.
      7. Барлық коммуналдық қызметтерге тарифтер және тұрғын үй көмегін есептеу үшін олардың өзгерулері қызмет берушілермен ұсынылады.

2. Жергілікті отынмен жағылатын жеке тұрғын үйлерде тұратын
аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі

      8. Жергілікті отынмен жағылатын жеке тұрғын үйлерде тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеу үшін тұрғын үйдің әлеуметтік нормасына сәйкес отын шығыны ескерілсін.
      9. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде жеке тұрғын үйде тұратын отбасының орташа табысы өтініш беру тоқсан алдындағы тоқсанға есептелсін.
      10. Электрмен қамту, газбен қамту, сумен қамту, қоқыс шығару жөніндегі шығындар түбіртектер бойынша өтініш беру тоқсан алдындағы тоқсанға орташа есепке алынады.

3. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      11. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
      6) жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
      7) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      8)телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      9) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      12. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде тұрғын үй көмегі қызметтеріне тұрғын үй иелігі нысанының кез келген өзгерістері, отбасы құрамы және оның жиынтық табысы, сондай –ақ мәртебесі туралы ақпарат берулері тиіс.
      13. Тұрғын үй көмегін көрсету қызметіне алдын ала күмәнді мәліметтер ұсынып, соның салдарынан артық немесе заңсыз тұрғын үй көмегі төленген жағдайда меншік иесі (жалдаушы) заңсыз алынған соманы өз еркі бойынша, бас тартқан жағдайда сот тәртібінде қайтарады.

4. Тұрғын үй көмегінің мөлшері

      14. Тұрғын үй көмегінің мөлшері өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде коммуналдық қызметтерді тұтынғаны және тұрғын үйді ұстау үшін меншік иесінің (жалдаушының) іс жүзіндегі төлемі мен осы мақсаттарға арналған отбасы шығындарының шекті мүмкінді деңгейі арасындағы айырмашылығы ретінде есептеледі.

5. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу

      15. Тұрғын үй көмегінің төлемінің қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      16. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді ұсынуға есептік-нормативтік шығындарды анықтау жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бақылауы бойынша өткізіледі.
      17. Тұрғын үй көмегінің төлемі тұрғын үй көмегін алуға ниет білдірген жеке өтінішіне сәйкес екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушілердің жеке шоттарына ақшалай қаражатты аудару жолымен беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады