Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2010.01.14 № 5 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 27 бабы, "Монополияшы кәсіпорындардың қызмет көрсетулеріне бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі N 400 қаулысы негізінде және Қазақстан Республикасы Құрылыс істері жөніндегі комитетінің құрылыс нормалары және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 1 наурыздағы N 4.01-02-2001 ережесіне сәйкес облыс әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Салқын суды тұтыну нормалары есепке алу аспабынсыз мынадай көлемде бекітілсін:
бір тұрғындарға арналған
(бір жылға)
ішкі суөткізгішпен және
канализациямен жабдықталған
ғимараттарды салу:
1) ваннасыз 160 л/тәулік
2) ванналармен және жергілікті
суқыздырғыштармен: 230 л/тәулік
3) орталықтандырылған ыстық
су жабдықтауымен: 300 л/тәулік
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Серікбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Е.Сағындықов