Халықтың шаруашылық-ауыз су қажетіне арналған меншікті орташа тәуліктік су тұтынуы туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық әкімиятының 2008 жылғы 20 мамырдағы N 184 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 6 маусымда N 3255 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 14 қаңтардағы № 5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2010.01.14 № 5 қаулысымен.

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 27 бабы, "Монополияшы кәсіпорындардың қызмет көрсетулеріне бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі N 400 қаулысы негізінде және Қазақстан Республикасы Құрылыс істері жөніндегі комитетінің құрылыс нормалары және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 1 наурыздағы N 4.01-02-2001 ережесіне сәйкес облыс әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Салқын суды тұтыну нормалары есепке алу аспабынсыз мынадай көлемде бекітілсін:
                                    бір тұрғындарға арналған
                                          (бір жылға)

      ішкі суөткізгішпен және
      канализациямен жабдықталған
      ғимараттарды салу:                 

      1) ваннасыз                           160 л/тәулік

      2) ванналармен және жергілікті
      суқыздырғыштармен:                    230 л/тәулік

      3) орталықтандырылған ыстық
      су жабдықтауымен:                     300 л/тәулік

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Серікбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                    Е.Сағындықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады