Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011.09.06 № 279 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 27 бабына сәйкес және коммуналдық меншікті тиімді басқару мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 22 мамырда N 2174 тіркелген, "Мүлікті есептен шығару туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2003 жылғы 4 мамырдағы N 108 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қаулының 2 тармағы мынадай жаңа редакцияда оқылсын:
"Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" ММ (С.Еңсегенұлы) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
қаулының 3 тармағындағы "С.Ғилымов" сөзі "М.Серікбаев" сөзімен ауыстырылсын.
Нұсқаулықтың 6 тармағының 2 азат жолында және әрі қарай мәтін бойына "облыстық коммуналдық меншік басқармасы (бұдан әрі - Басқарма)" сөзі "облыстың қаржы басқармасы (бұдан әрі - Басқарма)" сөзімен ауыстырылсын.
Нұсқаулықтың 11 тармағы мынадай мазмұндағы 3) - 8) тармақшаларымен толықтырылсын:
3) комиссия құру туралы бұйрық;
4) басшының және бас бухгалтердің қолдары қойылған баланстық құны туралы анықтама қағаз (бастапқы, тозу және қалдық құндарын көрсете отырып);
5) комиссия мүшелері қол қойған ақау актісі;
6) сыртқы бетінен мекеме басшысының немесе бас бухгалтердің қолдарымен және мекеме мөрімен бекітілген, есептен шығарылатын мүліктің суреттері;
7) мүлікке меншік құқығын растайтын техникалық паспорттың және құжаттың көшірмесі;
8) мүліктің техникалық жай - күйі туралы арнайы мекеме берген қорытынды.
2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан соң он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Е.Сағындықов