Ақтөбе облысы әкімдігінің 2003 жылғы 4 мамырдағы N 108 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық әкімиятының 2008 жылғы 8 шілдедегі N 243 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 24 шілдеде N 3265 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011 жылғы 6 қыркүйектегі № 279 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011.09.06 № 279 Қаулысымен.

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 27 бабына сәйкес және коммуналдық меншікті тиімді басқару мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 22 мамырда N 2174 тіркелген, "Мүлікті есептен шығару туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2003 жылғы 4 мамырдағы N 108 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      қаулының 2 тармағы мынадай жаңа редакцияда оқылсын:
      "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" ММ (С.Еңсегенұлы) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      қаулының 3 тармағындағы "С.Ғилымов" сөзі "М.Серікбаев" сөзімен ауыстырылсын.

      Нұсқаулықтың 6 тармағының 2 азат жолында және әрі қарай мәтін бойына "облыстық коммуналдық меншік басқармасы (бұдан әрі - Басқарма)" сөзі "облыстың қаржы басқармасы (бұдан әрі - Басқарма)" сөзімен ауыстырылсын.

      Нұсқаулықтың 11 тармағы мынадай мазмұндағы 3) - 8) тармақшаларымен толықтырылсын:
      3) комиссия құру туралы бұйрық;
      4) басшының және бас бухгалтердің қолдары қойылған баланстық құны туралы анықтама қағаз (бастапқы, тозу және қалдық құндарын көрсете отырып);
      5) комиссия мүшелері қол қойған ақау актісі;
      6) сыртқы бетінен мекеме басшысының немесе бас бухгалтердің қолдарымен және мекеме мөрімен бекітілген, есептен шығарылатын мүліктің суреттері;
      7) мүлікке меншік құқығын растайтын техникалық паспорттың және құжаттың көшірмесі;
      8) мүліктің техникалық жай - күйі туралы арнайы мекеме берген қорытынды.     

      2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан соң он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                              Е.Сағындықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады