Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту

Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 27 наурыздағы N 86 қаулысы. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 08 мамырда 1683 нөмірімен тіркелді.Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 02 қыркүйектегі № 254 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2010.09.02 № 254 Қаулысымен.

      "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына сәйкес және "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 қаулысын орындау үшін, Жамбыл облысы әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қайтыс болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                         Б. Жексембин

Облыс әкімиятының
2008 жылғы 27 наурыздағы
N 86 қаулысымен бекітілген

"Қайтыс болуы туралы анықтама беру"
мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

1. Жалпы ережелер

       1. Осы мемлекеттік қызмет медицина ұйымдарында қайтыс болуы туралы дәрігерлік куәлік беру тәртібін анықтайды.

      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.

      3. Мемлекеттік қызмет "Туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманы енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 27 тамыздағы N 520 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2007 жылғы 27 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4946 болып енгізілген) негізінде жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттік қызмет қайтыс болуы туралы дәрігерлік куәлік беретін Жамбыл облысының медициналық ұйымдарында жүзеге асырылады.

      5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны алғашқы медициналық құжат нысаны N 106/у-07 "Қайтыс болуы туралы дәрігерлік куәлік" беру.

      6. Мемлекеттік қызмет қайтыс болған адамдардың туыстарына немесе қайтыс болған адаммен бірге тұрған адамдарға, ал ондай адамдар болмаған жағдайда мәйітті тапқан ішкі істер органдарына көрсетіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: жүгінген күні;
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге, электрондық сауалды қалыптастыруға рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 20 минут;
      3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 20 минут.

      Ескерту. 7-тармақтың 3) тармақшасына өзгерту енгізілді - Жамбыл облысы әкімиятының 2008.09.25 N 305 Қаулысымен.

      8. Мемлекеттік қызмет ақысыз болып табылады.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат "Жамбыл облысы әкімиятының Денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесінің веб-сайты бойынша: www.dzambulzdrav.kz, емханалардың, дәрігерлік амбулаториялардың, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталықтарының, стационарлардың, "Жамбыл облысы әкімиятының Денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесіне қарасты ұйымдардың және сот медицина орталықтарының үй-жайларында орналасқан стендттерде, үлгілік ақпарат тақталарында көрсетілген.

      10. Мемлекеттік қызмет сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа күн сайын сағат 9.00-ден - 18.00-ге дейін көрсетіледі. Түскі үзіліс: сағат 13.00-14.00 дейін.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүргізіледі.

      11. Мемлекеттік қызмет, анықтама беретін мамандандырылған кабинеттері бар қайтыс болуы туралы дәрілік куәлік беретін медицина ұйымдарында көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
      1) өзінің және қайтыс болған адамның жеке куәлігі;
      2) ішкі істер органдары қызметкерлері - қызметтік куәлік.

      13. Мемлекеттік қызмет алу үшін бланкілерді толтыру қажет емес.

      14. Мемлекеттік қызмет қайтыс болуы туралы дәрігерлік куәлікті ұсынатын медицина ұйымдарында анықтаманы беруге арналған кабинеттерде (емханалар, отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар, алғашқы медициналқ-санитарлық көмек көрсету орталықтары, стационарлар, сот медицинасының орталығы) көрсетіледі.

      15. Тұтынушы алатын мемлекеттік қызметтердің мерзімі көрсетілген мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсыруды растайтын құжат қарастырылмаған.

      16. Қайтыс болуы туралы дәрігерлік куәлікті қайтыс болған адамның емдеген дәрігері, кезекші дәрігер, науқас қайтыс болған бөлімшенің меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары, патологоанатом және сот-медициналық сарапшысы тұтынышы жеке өзі келген кезде береді.

      17. Өлім фактісін медицина қызметкері жеке анықтамай, қайтыс болуы туралы дәрігерлік куәлік сырттай ресімделмейді.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. "Жамбыл облысы әкімиятының Денсаулық сақтау департаменті мемлекеттік мекемесі және оның аумақтық органдары қызметінде келесі қағидаттарды басшылыққа алады:
      1) сыпайылық,
      2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпаратты ұсыну;
      3) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      4) тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

       19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе басқа да субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қолжетімдік көрсеткіштерінің нысаналы маңызы жыл сайын арнайы құралған жұмыс тобымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Медициналық ұйымдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді:
      1) "Жамбыл облысы әкімиятының Денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесі басшысы, телефоны 433636, мекен-жайы Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі N 72;
      2) қайтыс болуы туралы дәрігерлік куәлікті ұсынатын Жамбыл облысының медицина ұйымдары басшылары.

       Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - Жамбыл облысы әкімиятының 2008.09.25 N 305 Қаулысымен.      

      22. Шағымдар:
      1) "Жамбыл облысы әкімиятының Денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесінің емдеу және алдын алу бөлімінде, N 9 кабинет;
      2) қайтыс болуы туралы дәрігерлік куәлікті ұсынатын Жамбыл облысының медицина ұйымдары басшыларының қабылдау бөлімдеріне ұсынылады.

      23. Келіп түскен шағымдар азаматтардың (заңды тұлғалардың) жүгіну журналына тіркеледі. Шағымдарды қарастыру заңнамаларда белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

6. Байланыс ақпараты

      24. Мемлекеттік органның, мекеменің басшысының, орынбасарларының және жоғары тұрған ұйымдарының байланыс деректері:
      1) "Жамбыл облысы әкімиятының Денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесінің директоры мекен-жайы Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі N 72, телефон 433636, жұмыс кестесі 9-00 ден 19-00 дейін, үзіліс 13-00 ден 15-00 дейін, азаматтарды қабылдау күні: бейсенбі;
      2) "Жамбыл облысы әкімиятының Денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары мекен жайы: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі N 72, телефон 430451, 430930, 433493, жұмыс кестесі 9-00 ден 19-00 дейін, үзіліс 13-00 ден 15-00 дейін, азаматтарды қабылдау күні: сейсенбі.

      25. Қосымша ақпараттың түрлері медицина ұйымдарының стендтерінде ілініп тұрады.

Мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына қосымша

Кесте. Сапа және қолжетімдік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері Көрсеткіштің
нормативтік
мәні
Көрсеткіштің
келесі
жылдағы
нысаналы
мәні
Көрсеткіштің
есепті
жылдағы
ағымдағы
мәні
1 2 3 4
1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну  оқиғаларының %  (үлесі)

100

100

100

1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт  күткен тұтынушылардың  % (үлесі)

100

95

95

2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың  % (үлесі)

100

99

99

2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

100

90

90

3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың  % (үлесі)

100

100

100

3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

100

95

95

3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)

100

40

40

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет  көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)

0,5

0

0,5

4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағатандырылған негізделген  шағымдардың % (үлесі)

100

0

100

4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың  % (үлесі)

90

0

90

4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың  % (үлесі)

90

0

90

5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қананаттанған тұтынушылардың  % (үлесі)

100

100

100

      Ескерту. Кестенің 5.1. жолына өзгерту енгізілді - Жамбыл облысы әкімиятының 2008.09.25 N 305 Қаулысымен.

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги

Постановление акимата Жамбылской области от 27 марта 2008 года N 86. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 08 мая 2008 года за номером 1683.Утратило силу Постановлением Акимата Жамбылской области от 02 сентября 2010 года № 254

      Сноска. Утратило силу Постановлением Акимата Жамбылской  области от 02.09.2010 № 254.

      В соответствии со статьей 9-1 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года "Об административных процедурах" и во исполнение постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2007 года  N 558 "Об утверждении типового стандарта оказания государственной услуги", акимат Жамбылской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

       1. Утвердить согласно приложения стандарт оказания государственной услуги "Выдача справок о смерти".

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области                         Б. Жексембин

Утвержден
постановлением
акимата области
от 27 марта 2008 г. N 86

Стандарт
оказания государственной услуги
"Выдача справок о смерти"

  1. Общие положения

       1. Данная государственная услуга определяет порядок выдачи врачебного свидетельства о смерти в медицинских организациях.

      2. Форма оказываемой государственной услуги не автоматизированая.

      3. Государственная услуга осуществляется на основании приказа Министра здравоохранения Республики Казахстан N 520 от 27 августа 2007 года "О введении медицинской документации, удостоверяющей случай рождения, смерти и перинатальной смерти" (зарегистрирован в реестре нормативных правовых актов Министерства юстиции Республики Казахстан N 4946 от 27 сентября 2007 года).

      4. Государственная услуга оказывается в медицинских организациях Жамбылской области, предоставляющие врачебные свидетельства о смерти.

      5. Формой завершения государственной услуги является выдача учетной формы первичной медицинской документации N 106/у-07 "Врачебное свидетельство о смерти".

      6. Государственная услуга оказывается родственникам умершего или лицам, проживающим вместе с умершим, в случае отсутствия таковых органам внутренних дел, обнаружившим труп.

      7. Сроки ограничений по времени при оказании государственной услуги:
      1) сроки оказания государственной услуги с момента сдачи потребителем документа для получения государственной услуги: в день обращения;
      2) максимально допустимое время ожидания в очереди при сдаче документа формирования электронного запроса 20 минут;
      3) максимально допустимое время ожидания в очереди при получении документов, как результат оказания государственной услуги 20 минут.

       Сноска. В подпункты 1) и 3) пункта 7 внесены изменения, постановлением акимата Жамбылской области от 25 сентября 2008 года N 305;

      8. Государственная услуга оказывается бесплатно.

      9. Полная информация о порядке оказания государственной услуги располагается на веб-сайте государственного учреждения "Департамента здравоохранения акимата Жамбылской области" по адресу: www.dzambulzdrav.kz, на стендах, информационных досках с образцами, размещенных в помещениях поликлиник, врачебных амбулатории, Центрах первичной медико-санитарной помощи, стационарах, подведомственных организациях департамента и центрах судебной медицины.

      10. Государственная услуга оказывается ежедневно, за исключением субботы, воскресенья и праздничных дней с 9.00 часов до 18.00 часов, перерыв на обед: с 13.00 до 14.00 часов.
      Прием осуществляется без предварительной записи и ускоренного обслуживания.

      11. Государственная услуга оказывается в медицинских организациях Жамбылской области, предоставляющих врачебные свидетельства о смерти, в которых имеются специализированные кабинеты, оснащенные стендами с информациями о порядке оказания государственной услуги, железными дверями

2. Порядок оказания государственной услуги

      12. Для получения государственной услуги предоставляются следующие документы:
      1) документы, удостоверяющие их личность и личность умершего;
      2) сотрудниками органов внутренних дел - служебное удостоверениие.

      13. Бланки заявлений для получения государственной услуги не требуются.

      14. Государственная услуга оказывается в кабинетах для выдачи справок в медицинских организациях, предоставляющих врачебные свидетельства о смерти (поликлиники, врачебные амбулатории, центры первичной медико-санитарной помощи, стационары, центр судебной медицины).

      15. Документ, подтверждающий, что потребитель сдал все необходимые документы для получения государственной услуги, в котором, содержится дата получения потребителем государственной услуги, не предусмотрен.

      16. Врачебное свидетельство о смерти выдается лечащим врачом умершего, дежурным врачом, заведующим отделением в котором умер больной, заместителем главного врача, патологоанатомом и судебно-медицинским экспертом при личном посещении потребителя.

      17. Врачебное свидетельство о смерти не оформляется заочно, без личной констатации медицинским работником факта смерти.

3. Принципы работы

       18. Государственное учреждение "Департамента здравоохранения акимата Жамбылской области" и его территориальные подразделения руководствуются принципами:
      1) вежливость;
      2) предоставления исчерпывающей и полной информации об оказываемой государственной услуге;
      3) обеспечение защиты и конеденциальности информации о содержании документов потребителей;
      4) обеспечения сохранности документов, которые потребитель не получил в установленные сроки.

4. Результаты работы

      19. Результаты оказания государственной услуги потребителям измеряются показателями качества и доступности в соответствии с приложением к настоящему стандарту.

      20. Целевые значения показателей качества и доступности государственных услуг, по которым оценивается работа государственного органа, учреждения или иных субъектов, оказывающих государственные услуги, ежегодно утверждаются специально созданными рабочими группами.

5. Порядок обжалования

       21. Порядок обжалования действия (бездействия) сотрудников медицинских организации разъясняет:
      1) руководитель государственного учреждения "Департамент здравоохранения акимата Жамбылской области" телефон 433636, адрес: город Тараз, улица Желтоксан N 72;
      2) руководители медицинских организаций Жамбылской области, предоставляющие врачебные свидетельства о смерти.

      22. Жалоба подается в:
      1) отдел лечебно-профилактической работы государственного учреждения "Департамент здравоохранения акимата Жамбылской области", кабинет N 9;
      2) приемные руководителей медицинских организаций Жамбылской области, предоставляющих врачебные свидетельства о смерти.

      23. Принятая жалоба регистрируется в журнале учета обращений физических (юридических) лиц. Жалоба рассматривается в установленные законодательством сроки.

6. Контактная информация

       24. Контактные данные руководителя государственного органа, учреждения, его заместителей и вышестоящей организации:
      1) Директор государственного учреждения "Департамент здравоохранения акимата Жамбылской области" город Тараз, улица Желтоксан N 72, телефон 433636, график работы с 9-00 до 19-00, перерыв с 13-00 до 15-00, приемный день граждан: четверг.
      2) Заместители директора государственного учреждения "Департамент здравоохранения акимата Жамбылской области", адрес: город Тараз, улица Желтоксан N 72, телефон 430451, 430930, 433493, график работы с 9-00 до 19-00, перерыв с 13-00 до 15-00, приемный день граждан: вторник.

      25. Дополнительные виды информации вывешиваются на стендах медицинских организаций.

Приложение     
стандарту оказания 
государственной услуги

Таблица. Значения показателей качества и доступности

Показатели качества
и доступности
Нормативное
значение
показателя
Целевое
значение
показателя
в последующем
году
Текущее
значение
показателя
в отчетном
году
1 2 3 4

1. Своевременность

1.1. % (доля) случаев предоставления услуги в установленный срок с момента сдачи документа

100

100

100

1.2. % (доля) потребителей, ожидавших получения услуги в очереди не более 40 минут

100

95

95

2. Качество

2.1. % (доля) потребителей, удовлетворенных качеством процесса предоставления услуги

100

99

99

2.2. % (доля) случаев правильно оформленных документов должностным лицом (произведенных начислений, расчетов и т.д.)

100

90

90

3. Доступность

3.1. % (доля) потребителей, удовлетворенных качеством и информацией о порядке предоставления услуги

100

100

100

3.2. % (доля) случаев правильно заполненных потребителем документов и сданных с первого раза

100

95

95

3.3. % (доля) услуг информации, о которых доступно через Интернет

100

40

40

4. Процесс обжалования

4.1. % (доля) обоснованных жалоб общему количеству обслуженных потребителей
по данному виду услуг

0,5

0

0,5

4.2. % (доля) обоснованных жалоб, рассмотренных и удовлетворенных в установленный срок

100

0

100

4.3. % (доля) потребителей, удовлетворенных существующим порядком обжалования

90

0

90

4.4. % (доля) потребителей, удовлетворенных сроками обжалования

90

0

90

5. Вежливость

5.1. % (доля) потребителей, удовлетворенных вежливостью персонала

100

100

100

       В строку 5.1. таблицы внесено изменение, постановлением акимата Жамбылской области № 305 от 25 сентября 208 года.