Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2009.07.31 N 16/187 шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қосымшаға сәйкес 2009 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында бірлік объектілерге салық салудың белгіленген жиынтық салықтың мөлшері белгіленсін.
2. "2008 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында бірлік объектілерге салық салудың белгіленген жиынтық салықтың мөлшерін белгілеу туралы" қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 8 қаңтардағы N 4/52 (2008 жылдың 27 ақпанында Жезқазған қаласы әділет басқармасында 8-2-60 нөмірімен тіркелген және 2008 жылдың 7 наурызында "Сарыарқа" газетінің 19 (7380) нөмірінде ресми жарияланды), шешімі өз күшін жойды деп танылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешімнің орындалу барысын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
Сессия төрағасы Н. Ярмак
Қалалық Мәслихаттың
хатшысы Қ. Әбдіров
Келісілді:
Жезқазған қаласы
бойынша салық
басқармасының бастығы Батырлан Д.А.
Жезқазған қалалық Мәслихатының
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
N 11/126 шешіміне қосымша
2009 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында бірлік объектілерге салық салудың белгіленген жиынтық салықтың мөлшері
Рет саны |
Салық салу объектісінің атауы |
2009 жылға 1 объектіге жиынтық салықтың мөлшерінің ставкасы (айлық есептік көрсеткішпен) |
Белгіленген жиынтық салықтың соммасы 2009 жылға |
Белгіленген жиынтық салықтың соммасы бір айға |
Белгіленген жиынтық салық |
Белгіленген жиынтық салық |
Белгіленген жиынтық салық |
||
1. |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
15276 |
1273 |
2. |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
15276 |
1273 |
3. |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер |
2 |
30552 |
2546 |
4. |
Ойын жолы |
17 |
259692 |
21641 |
5. |
Карт |
4 |
61104 |
5092 |
6. |
Бильярд үстелі |
17 |
259692 |
21641 |