2009 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында бірлік объектілерге салық салудың белгіленген жиынтық салықтың мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 11/126 шешімі. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 8 қаңтарда N 8-2-71 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2009 жылғы 31 шілдедегі N 16/187 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2009.07.31 N 16/187 шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес 2009 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында бірлік объектілерге салық салудың белгіленген жиынтық салықтың мөлшері белгіленсін.
      2. "2008 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында бірлік объектілерге салық салудың белгіленген жиынтық салықтың мөлшерін белгілеу туралы" қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 8 қаңтардағы N 4/52 (2008 жылдың 27 ақпанында Жезқазған қаласы әділет басқармасында 8-2-60 нөмірімен тіркелген және 2008 жылдың 7 наурызында "Сарыарқа" газетінің 19 (7380) нөмірінде ресми жарияланды), шешімі өз күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы шешімнің орындалу барысын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.

      Сессия төрағасы                            Н. Ярмак

      Қалалық Мәслихаттың
      хатшысы                                    Қ. Әбдіров

      Келісілді:
      Жезқазған қаласы
      бойынша салық
      басқармасының бастығы                      Батырлан Д.А.

Жезқазған қалалық Мәслихатының
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
N 11/126 шешіміне қосымша

2009 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында бірлік объектілерге салық салудың белгіленген жиынтық салықтың мөлшері

Рет саны

Салық салу объектісінің атауы

2009 жылға 1 объектіге жиынтық салықтың мөлшерінің ставкасы (айлық есептік көрсеткішпен)

Белгіленген жиынтық салықтың соммасы 2009 жылға

Белгіленген жиынтық салықтың соммасы бір айға

Белгіленген жиынтық салық

Белгіленген жиынтық салық

Белгіленген жиынтық салық

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

15276

1273

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

15276

1273

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер

2

30552

2546

4.

Ойын жолы

17

259692

21641

5.

Карт

4

61104

5092

6.

Бильярд үстелі

17

259692

21641

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады