2009 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында бірлік объектілерге салық салудың белгіленген жиынтық салықтың мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2009 жылғы 31 шілдедегі N 16/187 шешімі. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 тамызда N 8-2-95 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 19/226 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2009.12.22 N 19/226 шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес 2009 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында бірлік объектілерге салық салудың белгіленген жиынтық салықтың мөлшері белгіленсін.
      2. (2009 жылдың 8 қаңтарында Жезқазған қаласы әділет басқармасында 8-2-71 нөмірімен тіркелген және 2009 жылдың 21 қаңтарында "Жезказганская правда" газетінің 3 (77) нөмірінде, 2009 жылдың 14 қаңтарында "Сарыарқа" газетінің 4 (7498) нөмірінде ресми жарияланған), "2009 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында бірлік объектілерге салық салудың белгіленген жиынтық салықтың мөлшерін белгілеу туралы" қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 11/126 шешімі өз күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы шешімнің орындалу барысын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.

      Сессия төрағасы                            М. Асансеитов

      Қалалық Мәслихаттың
      хатшысы                                    Қ. Әбдіров

      Келісілді:

      Жезқазған қаласы
      бойынша салық
      басқармасының бастығы
      Батырлан Дүйсенбайұлы Ахметов
      31 шілде 2009 жыл

Жезқазған қалалық мәслихатының
2009 жылғы 31 шілдедегі N 16/187
шешіміне қосымша

Айына салық салу объектісінің бірлігін тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері

РетN

Салық салу объектісінің атауы

2009 жылға 1 объектіге тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

Белгіленген жиынтық салықтың соммасы бір айға

Белгіленген жиынтық салық

Белгіленген жиынтық салық

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

1296

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

2

2592

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

2

2592

4.

Ойын жолы

17

22032

5.

Карт

4

5184

6.

Бильярд үстелі

17

22032

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады