Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 31.03.2014 № 222 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сәтбаев қаласының келесі санаттардағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсетудің түрлері анықталсын:
1) қалалық жолаушылар тасымалдау көліктерінде жол жүру үшін:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген, мәртебесі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-8-баптарымен белгіленген адамдарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылдың 22 маусымынан бастап 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі кезеңде тылда жұмыс істеген еңбек өтілі кемінде алты ай болып белгіленген адамдарға;
зейнетақы мөлшері тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген күнкөріс мөлшерінің 1,25 коэффициентінен аспайтын жасына байланысты және қызмет өткерген жылдарына байланысты зейнеткерлерге;
бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге және он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар, оның ішінде орта жалпы білім беру, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын балалары бар көп балалы аналарға (анасы не әкесі болмаған жағдайда әкесі немесе оны алмастыратын адамға) балалары кәмелетке толғаннан кейін оқу орындарын бітіргенге дейін, бірақ 23 жастан аспағанша;
2) мерзімді баспасөзге бір жылға жазылуға:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
көп балалы аналарға;
3) коммуналдық және өзге қызметтерге ақы төлеу:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға:
Қоршау кезеңіндегі Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен, "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға;
екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;
қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің, сондай-ақ жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың қайталап некеге отырмаған әйелдеріне (күйеулеріне);
басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға;
1986-1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасына;
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін ордендермен және медальдармен марапатталған тұлғаларға;
4) түберкүлез ауруымен ауыратын азаматтарға 5 ай бойы амбулаторлық емделу кезеңінде тамақтануы және жол жүруі үшін берілетін ай сайынғы материалдық көмек ретінде;
5) мерекелік және айтулы күндерге әлеуметтік көмек азық-түлік жиынтықтары және мерекелік түстіктер ретінде:
жаңа жыл мерекесіне – он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға, ата-анасының екеуінен де айырылған және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын балаларға;
жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегіне тең немесе жетпейтін аз қамтылған отбасыларға (бұдан әрі - аз қамтылған отбасылар);
Кеңес әскерлері шектеулі контитнгентінің Ауғанстаннан шығарылған күніне – Ауғанстан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне - көп балалы аналарға;
Наурыз мейрамына – көмекті қажет ететін зейнеткерлерге, көп балалы аналарға және жетім балаларға;
Чернобыль атом электростансасында болған апаттың құрбандарын еске алу күніне - Чернобыль атом электростансасында болған апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға;
Қазақстан халықтары бірлігі күніне – аз қамтылған отбасыларына;
Жеңіс күніне - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға;
Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске алу күніне - саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына;
Астана күніне - көмекті қажет ететін зейнеткерлерге және аз қамтылған отбасыларына;
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне – аз қамтылған отбасыларына;
Қарттар күніне - көмекті қажет ететін зейнеткерлерге және жалғызылікті қарт азаматтарға;
Мүгедектер күніне - мүгедектерге және он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
Республика күніне - зейнеткерлерге және аз қамтылған отбасыларына;
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне - көмекті қажет ететін зейнеткерлерге.
6) біржолғы ақшалай төлемдер ретінде:
отбасылары дүлей апаттар, өрт, жазатайым оқиғалар, қатерлі ауру түрлері және өзге де себептер салдарынан ауыр материалдық жағдайға тап болған азаматтарға өтінімдік нысан бойынша;
зейнет жасына жетпеген немесе мүгедектігі жоқ қайтыс болған (жұмыс істемеген) адамды жерлеу үшін;
құжаттарды қалпына келтіру үшін біржолғы материалдық көмек;
мерекелік және айтулы күндерге:
8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне – бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар, оның ішінде орта жалпы білім беру, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын балалары бар көп балалы аналарға (анасы болмаған жағдайда - әкесі немесе оны алмастыратын адамға) балалары кәмелетке толғаннан кейін оқу орындарын бітіргенге дейін 23 жастан аспағанша;
Жеңіс күніне орай - арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға келесі санаттар бойынша:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, фашизм тұтқындарына;
қаза болған (қайтыс болған, іс-түссіз жоғалған) Ұлы Отан соғысы әскери қызметшілерінің қайталап некеге отырмаған жесірлеріне;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген, мәртебесі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8 баптарымен белгіленген тұлғаларға; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылдың 22-маусымынан бастап 1945 жылдың 9-мамырына дейінгі кезеңде тылда жұмыс істеген еңбек өтілі алты айдан кем емес адамдарға;
Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске алу күніне – саяси қуғын-сүргін құрбаны санаты бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтар, саяси қуғын-сүргіндердің зардабынан мүгедек болғандарға және зейнеткерлерге;
балаларды қорғау күніне – он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
қарттар күніне - жетпіс және одан жоғары жастағы жасына байланысты зейнеткерлерге;
мүгедектер күніне – мүгедек санаты бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатындарға;
азық-түліктің қымбаттауына байланысты;
жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын аз қамтылған отбасылар (азаматтар) (атаулы әлеуметтік көмек алушылар);
жан басына шаққандағы орташа кірісі азық-түлік себетінің құнынан аспайтын аз қамтылған отбасылар (азаматтар) (мемлекеттік балалар жәрдемақысын алатындар);
аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) және мүгедектердің өтініштері негізінде (тексеру актісі бойынша).
Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2010.09.14 N 364 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
2. Әлеуметтік көмек қалалық бюджетте тиісті қаржы жылына осы мақсаттарға қарастырылған қаражат шегінде Сәтбаев қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтарға көрсетілетіні белгіленсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (төрайымы Қоңырова Әлия Мешітбайқызы).
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Ә. Қоңырова
Қалалық мәслихат хатшысы М. Ковтун