Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 462-бабына , Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 19-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына және 101-бабына , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына және "Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1314 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 344 қаулысына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 2008 жылға арналған төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қостанай облыстық мәслихатының 2008 жылғы 16 ақпандағы N 60 шешіміне (2008 жылғы 19 наурыздағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 3628, 2008 жылғы 21 наурыздағы N 35-36 "Қостанай таңы", 2008 жылғы 26 наурыздағы N 37 "Қостанай таңы" 2008 жылғы 8 сәуірдегі N 49 "Костанайские новости") мынадай өзгерістер мен толықтырулар шешімінің қосымшасына енгізілсін:
2) тармақша ескертпе
мынадай редакцияда жазылсын:
"2) қоршаған ортаға эмиссиялар үшін мөлшерлемелеріне:
энергия өндіруші ұйымдар;
табиғи монополия субъектілері үшін коммуналдық қызметтерді көрсеткен кезде түзілетін эмиссия көлемі үшін мынадай коэффициенттер енгізіледі:
1
0,3 коэффиценті;
2
0,43 коэффиценті;
4
0,25 коэффиценті;";
ескертпе мынадай мазмұндағы
5) тармақшамен толықтырылсын
:
"5) ескертпенің 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жеңілдетілген коэффициентерді қолдану қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтен тыс көлемі үшін төлемдерге қолданылмайды.".
2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Кезекті, бесінші
сессиясының төрағасы Е. Аманжолов
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы Ғ. Сағиев