2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы мәслихатының 2008 жылғы 16 ақпандағы N 60 шешімі. Қостанай облысы әділет департаментінде 2008 жылғы 19 наурызда N 3628 тіркелді. Күші жойылды - іс-әрекет мерзімі өткендігі бойынша Қостанай облысы мәслихатының 2011 жылғы 13 қаңтардағы № 10 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - іс-әрекет мерзімі өткендігі бойынша Қостанай облысы мәслихатының 2011.01.13 № 10 хатымен.

      Қазақстан Республикасы "Салық Кодексінің 462-бабына , Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 19-бабының 6) тармақшасына,  101-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына және "Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы  Қаулысын басшылыққа алып, Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ставкалары белгіленсін (қосымша).

      2. "2007 жылға арналған қоршаған ортаны ластау үшін төлемақының ставкаларын бекіту туралы" Қостанай облыстық мәслихатының 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 390 шешімі күші жойылған танылсын, 2007 жылғы 22 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 3562 (2008 жылғы 1 ақпандағы N 16 "Костанайские новости", 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 13 "Қостанай таңы" жарияланған).

      3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік күн аяқталғанда қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облыстық мәслихаты
      үшінші сессиясының төрағасы

      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы

      КЕЛІСІЛГЕН

Қостанай облыстық мәслихатының
2008 жылғы 16 ақпандағы       
N 60 шешіміне қосымша         

2008 жылға арналған қоршаған
ортаға эмиссиялар үшін төлемақының
ставкалары

Р/с
N

Көрсеткіштер

Өлшем
бірлігі

Қалдықтар
дың
қауіптілік
деңгейі

Шекті
ставка,
теңге

1

2

3

4

6

1

Ластаушы заттардың
тұрақты көздерден
шығарындылары 1

шартты
тонна


669

2

Ластаушы заттардың
қозғалмалы көздерден
шығарындылары:

пайдаланылған отынның
тоннасы
(бұдан әрі
- тонна)



этилденбеген бензин
үшін


442

дизель отыны үшін


601,5

сұйытылатын, сығыл-
ған газ үшін


327,8

3

Ластаушы заттардың
төгінділері:

шартты
тонна



су көздеріне 2


18002

жинақтауыштарға
сүзу алаңдарына,
жер бедеріне


13200

4

Коммуналдық (қатты
тұрмыстық) қалдық-
тар 3

тонна


261,6

5

Өнеркәсіптік
қалдықтар




өндіріс пен тұтыну-
дың қауіпті қалдық-
тарын полигондарда,
жинақтауыштарда,
санкцияланған
үйінділерде және
арнайы берілген
орындарда орналасты-
ру

тонна

"қызыл"
тізім

9581,8

"янтарь"
тізім

4791

"жасыл"
тізім

1197,7

жіктел-
мегендер

599

Бұдан басқа




аршынды жыныстар 4

тонна


3,2

байыту шлактары,
шламдары, қалдық-
тары 4


25

күл мен күлшлактар 4


385,2

ауыл шаруашылығы
өндірісінің қалдық-
тары


12

6

Радиоактивті қалдық-
тар:

гигабек-
керель



трансуранды қалдық-
тар


508,4

альфа-радиоактивті
қалдықтар


254

бета-радиоактивті
қалдықтар


25,4

шынақты радиоактивті
көздер


254

7

Заңнамада белгілен-
ген тәртіппен жүзеге
асырылатын алауларда
ілеспе және (немесе)
табиғи газды жағудан
ластаушы заттардың
шығарындылары

шартты
тонна


35152

      Ескертпе:

      1) ISO 14001:2004 халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған кәсіпорындары үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
      4 0,75 коэффиценті;

      2) қоршаған ортаға эмиссиялар үшін мөлшерлемелеріне:
      энергия өндіруші ұйымдар;
      табиғи монополия субъектілері үшін коммуналдық қызметтерді көрсеткен кезде түзілетін эмиссия көлемі үшін мынадай коэффициенттер енгізіледі:
      1 0,3 коэффиценті;
      2 0,43 коэффиценті;
      4 0,25 коэффиценті;

      3) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін халықтан құрылған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
      3 0,2 коэффиценті;

      4) кәсіпорындар төлемінің ставкалары бір мезгілде ескертпенің 1) және 2) тармақшаларына жатқызылған жағдайда ескертпенің 2) тармақшасының коэффициенттерін қолданған жөн;

      5) ескертпенің 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жеңілдетілген коэффициентерді қолдану қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтен тыс көлемі үшін төлемдерге қолданылмайды.

      Ескерту. Ескертпеге өзгерту енгізілді - Қостанай облысы мәслихатының 2008 жылғы 11 шілдедегі N 111 шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады