Ескерту. Күші жойылды Қостанай облысы Қостанай қаласы Әкімдігінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 43 қаулысымен.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабын басшылыққа ала отырып, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Халықтың нысаналы топтарының тізбесі бекітілсін.
2. "Қостанай қаласы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі шараларды көздесін.
3. "Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы N 85 (тіркеу нөмірі 9-1-66, 2007 жылғы 22 ақпандағы "Қостанай" газеті, "Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы N 85 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 31 шілдедегі N 1925 қаулысымен толықтыру енгізілген, тіркеу нөмірі 9-1-88, 2007 жылғы 11 қыркүйектегі N 71 "Қостанай" газеті) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
4. "Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 3070 қаулысының күші жойылсын.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Х.С. Ержановқа жүктелсін.
Қала әкімі
Әкімдік мүшелері:
Қостанай қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 15 Қаңтардағы
N 92 қаулысымен бекітілген
Халықтың нысаналы топтарының тізбесі
1. Табысы аз адамдар.
2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар.
6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).
7. Мүгедектер.
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.
9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
10. Оралмандар.
11. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтіндер (бір жыл және одан да көп).
12. Елу жастан асқан адамдар.
13. Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектері.
14. Алған мамандық бойынша еңбек өтілі және тәжірибесі жоқ, жұмыстан бос жастар.
15. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органының жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар.
16. Жалпы білім беру мектептерінде, кәсіптік бастауыш, орта және жоғары оқу орындарында оқитын жастар (демалыс кезінде).