Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы N 92 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай қаласы әділет басқармасында 2008 жылғы 1 ақпанда N 9-1-99 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы Әкімдігінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 43 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды Қостанай облысы Қостанай қаласы Әкімдігінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 43 қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабын басшылыққа ала отырып, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Халықтың нысаналы топтарының тізбесі бекітілсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі шараларды көздесін.

      3. "Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы N 85 (тіркеу нөмірі 9-1-66, 2007 жылғы 22 ақпандағы "Қостанай" газеті, "Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы N 85 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 31 шілдедегі N 1925 қаулысымен толықтыру енгізілген, тіркеу нөмірі 9-1-88, 2007 жылғы 11 қыркүйектегі N 71 "Қостанай" газеті) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.

      4. "Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 3070 қаулысының күші жойылсын.

      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Х.С. Ержановқа жүктелсін.

      Қала әкімі

      Әкімдік мүшелері:

Қостанай қаласы әкімдігінің  
2008 жылғы 15 Қаңтардағы     
N 92 қаулысымен бекітілген   

Халықтың нысаналы топтарының тізбесі

      1.  Табысы аз адамдар.
      2.  Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
      3.  Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.
      4.  Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
      5.  Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар.
      6.  Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).
      7.  Мүгедектер.
      8.  Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.
      9.  Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
      10. Оралмандар.
      11. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтіндер (бір жыл және одан да көп).
      12. Елу жастан асқан адамдар.
      13. Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектері.
      14. Алған мамандық бойынша еңбек өтілі және тәжірибесі жоқ, жұмыстан бос жастар.
      15. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органының жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар.
      16. Жалпы білім беру мектептерінде, кәсіптік бастауыш, орта және жоғары оқу орындарында оқитын жастар (демалыс кезінде).

Об утверждении Перечня целевых групп населения

Постановление акимата города Костаная Костанайской области от 15 января 2008 года N 92. Зарегистрировано Управлением юстиции города Костаная Костанайской области 1 февраля 2008 года N 9-1-99. Утратило силу постановлением акимата города Костаная Костанайской области от 13 января 2009 года № 43

       Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Костаная Костанайской области от 13 января 2009 года № 43 .

      В соответствии со статьями 5, 7 Закона Республики Казахстан "О занятости населения", руководствуясь статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" акимат города Костаная ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый Перечень целевых групп населения.

      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ акимата города Костаная" предусмотреть меры по содействию занятости целевым группам населения.

      3. Постановление акимата города Костаная от 15 января 2007 года N 85 "Об утверждении Перечня целевых групп населения" (регистрационный номер 9-1-66, газета "Костанай" от 22 февраля 2007 года N 15, внесено дополнение постановлением от 31 июля 2007 года N 1925 "О внесении дополнения в постановление от 15 января 2007 года N 85 "Об утверждении Перечня целевых групп населения", регистрационный номер 9-1-88, газета "Костанай" от 11 сентября 2007 года N 71) считать утратившим силу.

      4. Постановление акимата города Костаная от 24 декабря 2007 года N 3070 "Об утверждении Перечня целевых групп населения" отменить.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.

      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Костаная Ержанова Х.С.

      Аким города

      Члены акимата:

      Согласовано:

Утвержден                     
постановлением                
акимата города Костаная       
от 15 января 2008 года N 92   

Перечень целевых групп населения

      1. Малообеспеченные.
      2. Молодежь в возрасте до двадцати одного года.
      3. Воспитанники детских домов, дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения
         родителей, в возрасте до двадцати трех лет.
      4. Одинокие, многодетные родители, воспитывающие несовершеннолетних детей.
      5. Граждане, имеющие на содержании лиц, которые в порядке, установленном
      законодательством Республики Казахстан, признаны нуждающимися
      в постоянном уходе, помощи или надзоре.
      6. Лица предпенсионного возраста (за два года до выхода на пенсию по возрасту).
      7. Инвалиды.
      8. Лица, уволенные из рядов Вооруженных Сил Республики Казахстан.
      9. Лица, освобожденные из мест лишения свободы и (или) принудительного лечения.
      10. Оралманы.
      11. Длительно неработающие граждане (год и более).
      12. Лица, старше пятидесяти лет.
      13. Выпускники учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального
          образования.
      14. Незанятая молодежь, не имеющая опыта и стажа работы по полученной специальности.
      15. Безработные, завершившие профессиональное обучение по направлению
          уполномоченного органа по вопросам занятости.
      16. Учащаяся молодежь общеобразовательных школ, учебных заведений начального,
      среднего и высшего профессионального образования (в период каникул).