Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 43 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 18 ақпанда № 9-1-121 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 11 қаңтардағы № 25 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2010.01.11 № 25 қаулысымен.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабын басшылыққа ала отырып, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2009.08.24 № 1596 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      1. Қоса беріліп отырған Халықтың нысаналы топтарының тізбесі бекітілсін.
      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі шараларды көздесін.
      3. "Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 92 (2008 жылғы 1 ақпандағы 9-1-99 нөмірі бойынша Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2008 жылғы 19 ақпандағы № 13 "Қостанай" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.

      Қала әкімі                             Ғ. Нұрмұхамбетов

      КЕЛІСІЛДІ

Қостанай қаласы әкімдігінің  
2009 жылғы 13 қаңтардағы   
№ 43 қаулысымен бекітілген  

Халықтың нысаналы топтарының тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2009.08.24 № 1596 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2009.10.23 № 2013 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.

      1. Табысы аз адамдар.
      2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
      3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.
      4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты, көп балалы ата-аналар.
      5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар.
      6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).
      7. Мүгедектер.
      8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.
      9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
      10. Оралмандар.
      11. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтіндер (бір жыл және одан да көп).
      12. Елу жастан асқан адамдар.
      13. Жалпы орта, техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан  кейінгі білім беретін ұйымдардың түлектері.
      14. Алған мамандық бойынша еңбек өтілі және тәжірибесі жоқ, жұмыстан бос жастар.
      15. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органның жолдауымен кәсіби дайындығын, біліктілікті қайта даярлауды және арттыруды аяқтаған жұмыссыздар.
      16. Жалпы орта, техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу орындарында оқитын жастар (демалыс кезеңінде).
      17. Жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады