"Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 03 қаңтардағы N 1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласының әкімдігінің 2008 жылғы 11 сәуірдегі N 921 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 24 сәуірде N 9-1-102 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 703 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 03.04.2013 № 703 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 64-1-бабы 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , "Қостанай қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы" Қостанай қаланың мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 26 шешіміне (тіркеу нөмірі 9-1-93 2007 жылғы 26 желтоқсандағы) сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 3 қаңтардағы № 1 қаулысына (тіркеу нөмірі 9-1-95 2008 жылғы 23 қаңтардағы, 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 8 "Қостанай" газетінде жарияланған) мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақтағы 5), 8) тармақшаларда "жәрдемақы алатын" деген сөздерден кейін "немесе бұрын зейнетақы алған" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақ 12-1) тармақшасымен толықтырылсын:

      "12-1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы күшіне енгізілгеннен кейін осы қаулының 1-тармағы 5), 8), 11) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекке "Отан", "Даңқ" ордендерімен марапатталған, жоғары дәрежелі ерекшелік белгілері - "Халық қаһарманы" атағына, республикалық құрметті атақтарына ие болған азаматтардың құқығы бар";

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "7. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін күшіне енгізіледі және 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған әрекеттерге қолданылады."

      көрсетілген қаулымен бекітілген, Әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттар тізімдемесіне:
      1-тармақтың 5) тармақшасында:
      төртінші абзацта "жәрдемақы алатын" деген сөздерден кейін "немесе бұрын зейнетақы алған" деген сөздермен толықтырылсын;
      бесінші абзацта "көшірмесі" деген сөзден кейін "немесе көрсетілген зейнетақы тағайындау туралы шешімнен алынған үзіндісі" деген сөздермен толықтырылсын;
      тоғызыншы абзацта "шешімнің" деген сөзден кейін "немесе белгісі бар зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі" деген сөздермен толықтырылсын;

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.

      Қостанай қаласының әкімі

      Әкімдік мүшелері:

      КЕЛІСІЛГЕН

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Костаная от 3 января 2008 года № 1 "О социальной помощи отдельным категориям граждан"

Постановление акимата города Костаная Костанайской области от 11 апреля 2008 года № 921. Зарегистрировано Управлением юстиции города Костаная Костанайской области 24 апреля 2008 года № 9-1-102. Утратило силу постановлением акимата города Костаная Костанайской области от 3 апреля 2013 года № 703

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Костаная Костанайской области от 03.04.2013 № 703.

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 64-1 Бюджетного кодекса Республики Казахстан, подпунктом 1) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О государственных наградах Республики Казахстан", решением Костанайского городского маслихата от 14 декабря 2007 года № 26 "О бюджете города Костаная на 2008 год" (регистрационный номер 9-1-93 от 26 декабря 2007 года) акимат города Костаная ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата города Костаная от 3 января 2008 года № 1 "О социальной помощи отдельным категориям граждан" (регистрационный номер 9-1-95 от 23 января 2008 года, опубликовано в газете "Костанай" от 31 января 2008 года № 8) следующие изменения и дополнения:
      в подпунктах 5), 8) пункта 1 после слова "пособие" дополнить словами "или ранее получавшим пенсию";
      пункт 3 дополнить подпунктом 12-1):
      "12-1) право на социальную помощь по основаниям, указанным в подпунктах 5), 8), 11) пункта 1 настоящего постановления имеют граждане, награжденные орденами "Отан", "Данк", удостоенные высшей степени отличия - звания "Халык Каһарманы", почетных званий Республики после вступления в силу Закона Республики Казахстан от 12 декабря 1995 года "О государственных наградах Республики Казахстан
      пункт 7 изложить в новой редакции:
      "7. Настоящее постановление вводится в действие после дня официального опубликования и распространяется на действия, возникшие с 1 января 2008 года.";
      в Перечень документов для назначения социальной помощи, утвержденный указанным постановлением:
      в подпункте 5) пункта 1:
      в абзаце четвертом после слова "пособие" дополнить словами "или ранее получавших пенсию";
      в абзаце пятом после слова "Казахстан" дополнить словами "или выписка из решения о назначении указанной пенсии";
      в абзаце девятом после слова "решения" дополнить словами "или копия пенсионного удостоверения с отметкой".
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Костаная Жундубаева М.К.

      Аким города Костаная

      СОГЛАСОВАНО