Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 03.04.2013 № 703 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 64-1-бабы 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , "Қостанай қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы" Қостанай қаланың мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 26 шешіміне (тіркеу нөмірі 9-1-93 2007 жылғы 26 желтоқсандағы) сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 3 қаңтардағы № 1 қаулысына (тіркеу нөмірі 9-1-95 2008 жылғы 23 қаңтардағы, 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 8 "Қостанай" газетінде жарияланған) мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтағы 5), 8) тармақшаларда "жәрдемақы алатын" деген сөздерден кейін "немесе бұрын зейнетақы алған" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ 12-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"12-1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы күшіне енгізілгеннен кейін осы қаулының 1-тармағы 5), 8), 11) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекке "Отан", "Даңқ" ордендерімен марапатталған, жоғары дәрежелі ерекшелік белгілері - "Халық қаһарманы" атағына, республикалық құрметті атақтарына ие болған азаматтардың құқығы бар";
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін күшіне енгізіледі және 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған әрекеттерге қолданылады."
көрсетілген қаулымен бекітілген, Әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттар тізімдемесіне:
1-тармақтың 5) тармақшасында:
төртінші абзацта "жәрдемақы алатын" деген сөздерден кейін "немесе бұрын зейнетақы алған" деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші абзацта "көшірмесі" деген сөзден кейін "немесе көрсетілген зейнетақы тағайындау туралы шешімнен алынған үзіндісі" деген сөздермен толықтырылсын;
тоғызыншы абзацта "шешімнің" деген сөзден кейін "немесе белгісі бар зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі" деген сөздермен толықтырылсын;
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.
Қостанай қаласының әкімі
Әкімдік мүшелері:
КЕЛІСІЛГЕН