Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2011.02.01 № 129 (ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 28-бабының 6-тармағына сәйкес Қостанай қаласы әкімдігі және Қостанай қалалық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутат болуға үміткерлері үшін үгіттеу баспа басылым материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
1) Таран көшесі "Қостанай" кинотеатры" аялдамасының жанында;
2) Гоголь көшесі "Бородинский" дүкені ғимаратының жанында;
3) Баймағамбетов көшесі "Драмтеатр" аялдамасы жанында;
4) Әл-Фараби даңғылы "Колос" дүкені ғимаратының жанында;
5) қоғамдық көлік үшін павильондардың жанында орналасқан стенд, тумбалар және щиттер;
6) жоғары және орта кәсіби оқу орындарының және мәдениет мекемелердің жанында орналасқан ақпараттық стендтер;
7) және тағы меншік объектілердің рұқсатымен тиісті басқа орындары;
2. Тарихи және сәулетті құндылығы бар ғимараттар мен имараттардың, ескерткіштер мен ескерткіш бағандарда және дауыс беру жайларда баспа үгіттеу материалдарын ілуге тыйым салынсын.
3. Барлық үміткерлер үшін тең құқықты қамтамасыз ететін жағдайда үгіттеу баспа басылымдарын орналастыруды жасау.
4. Сайлаудың өтіп аяқталған соң он күн ішінде үгіттеу баспа материалдары алып тасталуы керек және оларды орналастырған орындарды депутаттарға үміткерлердің бастамашылық топтардың күшімен тиісті қалпына келтіру.
5. Осы қаулы жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді және 2008 жылғы 14 қыркүйекте туындаған іс-әрекетке таралады.
Қостанай
қаласының әкімі Ғ. Нұрмұхамбетов
Қалалық сайлау
комиссиясының төрайымы В. Макерова
Әкімдік мүшелері:
Комиссия мүшелері:
КЕЛІСІЛДІ