Сайлау кампагиясы кезінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 1 ақпандағы № 129 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 11 ақпанда № 9-1-164 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 646 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 08.04.2021 № 646 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламент, облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына барлық кандидаттарына Қостанай қаласында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін мына орындар белгіленсін:

      1) қоғамдық көлікке арналған аялдама павильондарының қасында орналасқан стендтер, тұғырлықтар және тақталар;

      2) қаланың білім беру және мәдениет мекемелерінің қасында орнатылған ақпараттық стендтер;

      3) тиісті нысандар иелерінің рұқсатымен басқа орындарда;

      2. "Депутаттыққа кандидаттардың үгіттік материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы № 1605 (9-1-85 тіркеу нөмірі, 2007 жылғы 26 маусымда "Қостанай" газетінде жарияланды), "Үгіттеу баспа басылым материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің және Қостанай қалалық сайлау комиссиясының 2008 жылғы 18 тамыздағы № 2/1 (9-1-110 тіркеу нөмірі, 2008 жылғы 11 қыркүйекте "Қостанай" газетінде жарияланды) бірлескен қаулысының және "Үгіттеу баспа басылым материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы" 2009 жылғы 3 наурыздағы № 367 (9-1-124 тіркеу нөмірі, 2009 жылғы 12 наурызда "Қостанай" газетінде жарияланды) Қостанай қаласы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

Қостанай қаласының әкімі

Ж. Нұрғалиев

КЕЛІСІЛДІ


Қалалық сайлау


комиссиясының төрайымы


________ В. Макерова



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады