Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 29.01.2016 № 40 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 24.02.2014 № 94 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238 бабы 3 тармағын және 18 бабының 2 тармағын орындау жолында, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын, ауылдық елді мекендерде істейтін және жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 24.02.2014 № 94 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Әкімдіктің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 13 "2009 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін келісім туралы" қаулысының күші жойылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арқалық қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 31 қаңтардағы
№ 29а қаулысына қосымша
Қала бюджеті есебінен азаматтық қызметші
болып табылатын, ауылдық елді мекендерде жұмыс
істейтін және жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық
жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар әлеуметтік
қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және
ветеринария саласындағы мамандарға
лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 24.02.2014 № 94 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
1) әлеуметтік қызметкер;
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) директор;
2) оқу бөлімі бойынша, тәрбие бөлімі бойынша, ғылым бойынша директордың орынбасары;
3) балабақша меңгерушісі;
4) әдіскер;
5) дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы;
6) оқытушы;
7) балабақшадағы тілдер оқытушысы;
8) оқытушы–психолог;
9) қосымша білім беру педагогы;
10) әлеуметтік педагог;
11) алғашқы әскери даярлық бойынша ұйымдастырушы-педагог;
12) кітапхана меңгерушісі;
13) кітапханашы;
14) аға жетекші;
15) тәрбиеші;
16) логопед;
17) музыка жетекшісі;
18) лаборант;
19) дәрігер;
20) мейірбике
21) диеталық медбике.
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) директор;
2) библиограф;
3) кітапханашы;
4) хореограф;
5) әдіскер;
6) ауыл клубының меңгерушісі;
7) мәдени ұйымдастырушы;
8) музыкалық жетекшісі;
9) сурет жетекшісі.
4. Спорт мамандарының лауазымдары:
1) спорт жөніндегі әдіскер.
5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
1) мал дәрігері.