Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009.12.01 № 5 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 2 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" қаулысымен бекітілген Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесінің 30 тармағына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 30 %-ға азайту жолымен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары 2008 жылға ұсынатын бағаларды түзету белгіленсін.
2. "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға үміткерлердің жеке қосалқы шаруашылығынан алынған табыстарды есептегенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
3. Әкімдіктің 2008 жылғы ақпандағы № 40 "18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен есептеу үшін статистика органдары 2008 жылға ұсынатын бағаларды түзету туралы" қаулысы жойылсын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.
Денисов ауданы әкімінің
міндетін атқарушы А. Кушнир