"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына сәйкес және Ұзынкөл аудандық аймақтық сайлау комиссиясының келісімі бойынша Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар тізбесі анықталсын (қосымша).
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. "Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар тізбесін анықтау туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2007 жылғы 9 тамыздағы № 9-19-52, "Нұрлы жол" 2007 жылғы 16 тамыздағы № 33) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 30 шілдедегі № 153 және Ұзынкөл аудандық аймақтық сайлау комиссиясымен 2007 жылғы 30 шілдедегі № 5 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Ұзынкөл ауданының Ұзынкөл аудандық аймақтық әкімі сайлау комиссиясының төрағасы _____________ А. Сейфуллин ______________ М. Сәкенов |