Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының әкімдігінің № 173 мен Ұзынкөл аудандық аймақтық сайлау комиссиясының 2008 жылғы 15 тамыздағы № 1 бірлескен қаулысы. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 9 қыркүйекте N 9-19-83 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының әкімдігінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 244 мен Ұзынкөл аудандық аймақтық сайлау комиссиясының 2008 жылғы 21 қарашадағы № 2 бірлескен қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының әкімдігінің 21.11.2008 № 244 мен Ұзынкөл аудандық аймақтық сайлау комиссиясының 2008 жылғы 21 қарашадағы № 2 бірлескен қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына сәйкес және Ұзынкөл аудандық аймақтық сайлау комиссиясының келісімі бойынша Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар тізбесі анықталсын (қосымша).
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. "Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар тізбесін анықтау туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2007 жылғы 9 тамыздағы № 9-19-52, "Нұрлы жол" 2007 жылғы 16 тамыздағы № 33) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 30 шілдедегі № 153 және Ұзынкөл аудандық аймақтық сайлау комиссиясымен 2007 жылғы 30 шілдедегі № 5 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      Ұзынкөл ауданының Ұзынкөл аудандық аймақтық
әкімі сайлау комиссиясының төрағасы
_____________ А. Сейфуллин ______________ М. Сәкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады