Шағын кәсіпкерлік субъектілерін облыстық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредиттеу шарттарын анықтау туралы

Павлодар облыстық әкімиятының 2008 жылғы 9 маусымдағы N 140/6 қаулысы. Павлодар облысының әділет дератаментінде 2008 жылғы 24 маусымда N 3116 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 178/13 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 178/13 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 172-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 4)- тармақшасына, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінің 449-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. бюджеттік кредиттер берудің мына шарттары анықталсын:
      беру мақсаты - басым бағыттар бойынша шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын кредиттеу үшін;
      кредит мөлшері - 2000 млн. теңге;
      кредит валютасы - теңге;
      кредит берудің шектеулі мерзімі - 5 жылға дейін, негізгі қарыз бойынша жеңілдікті өтеу кезеңімен - 12 ай;
      кредитті игеру кезеңі - 2008 жылғы 31 желтоқсан бойынша;
      соңғы қарыз алушы үшін сыйақының белгіленген мөлшерлемесі жылына 13,22 %-дан аспайтын мөлшерде қарастырылған, соның ішінде бюджет қаражатын кредит ретінде беру үшін -  бюджет пайдасына аударуға жататыны жылына 6,72 % ағымдағы жылғы бірінші жарты жылдықта бөлінген 200 млн. теңгеге;
      ағымдағы жылғы екінші жартыжылдықта қосымша бөлінген 1800 млн. теңгеге соңғы қарыз алушы үшін сыйақының белгіленген мөлшерлемесі жылына 13,6%-дан аспайтын мөлшерде қарастырылған, соның ішінде бюджет қаражатын кредит ретінде беру үшін - бюджет пайдасына аударуға жататыны жылына 7,1%.
      бір соңғы қарыз алушыға бөлінетін кредит қаражатының жоғарғы сомасы 300 000 (үш жүз мың) аспайтын айлық есептік көрсеткіш.
      Ескерту: 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2008 жылғы 15 шілдедегі N 194/7, өзгерту енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2008 жылғы 19.09.2008 N 241/9 қаулыларымен.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өтуі бойынша қолданысқа енеді.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.З. Бочинге жүктелсін.

      Облыс әкімі                                Қ. Нұрпейісов

Об определении условий бюджетного кредитования субъектов малого предпринимательства за счет средств областного бюджета

Постановление акимата Павлодарской области от 9 июня 2008 года N 140/6. Зарегистрировано департаментом юстиции Павлодарской области 24 июня 2008 года за N 3116. Утратило силу постановлением акимата Павлодарской области от 18 сентября 2009 года N 178/13

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Павлодарской области от 18 сентября 2009 года N 178/13.

      В соответствии со статьей 172 Бюджетного кодекса Республики Казахстан, подпунктом  4) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", пунктом 449 Правил исполнения  республиканского и местных бюджетов, утвержденных постановлением Правительства  Республики Казахстан от 20 марта 2007 года N 225, акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить следующие условия предоставления бюджетных кредитов:
      цель предоставления - для финансирования проектов малого предпринимательства по приоритетным направлениям;
      размер кредита - 2000 млн. тенге;<*>
      валюта кредита - тенге;
      предельный срок предоставления кредита - до 5 лет, с льготным периодом погашения по основному долгу - 12 месяцев;
      период освоения кредита - по 31 декабря 2008 года;
      для конечного заемщика предусмотрена фиксированная ставка вознаграждения в размере не более 13,22 % годовых, из них за предоставленные бюджетные средства в качестве кредитных - 6,72 % годовых, подлежащих перечислению в пользу бюджета на выделенные в первом полугодии текущего года 200 млн. тенге;<*>
      на выделенные дополнительно во втором полугодии текущего года 1800 млн. тенге для конечного заемщика предусмотрена фиксированная ставка вознаграждения в размере не более 13,6 % годовых, из них за предоставленные бюджетные средства в качестве кредитных - 7,1 % годовых, подлежащих перечислению в пользу бюджета;<*>     
      максимальная сумма выделяемых кредитных средств на одного конечного заемщика не более 120000 (ста двадцати тысяч) месячных расчетных показателей.
      Сноска: В пункт 1 внесены изменения и дополнения - постановлением акимата Павлодарской области от 15 июля 2008 года N 194/7.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня официального опубликования.

      3. Контроль за выполнением данного постановления возложить на заместителя акима области Бочина В.З.

      Аким области К. Нурпеисов