Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 178/13 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 172-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 4)- тармақшасына, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінің 449-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. бюджеттік кредиттер берудің мына шарттары анықталсын:
беру мақсаты - басым бағыттар бойынша шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын кредиттеу үшін;
кредит мөлшері - 2000 млн. теңге;
кредит валютасы - теңге;
кредит берудің шектеулі мерзімі - 5 жылға дейін, негізгі қарыз бойынша жеңілдікті өтеу кезеңімен - 12 ай;
кредитті игеру кезеңі - 2008 жылғы 31 желтоқсан бойынша;
соңғы қарыз алушы үшін сыйақының белгіленген мөлшерлемесі жылына 13,22 %-дан аспайтын мөлшерде қарастырылған, соның ішінде бюджет қаражатын кредит ретінде беру үшін - бюджет пайдасына аударуға жататыны жылына 6,72 % ағымдағы жылғы бірінші жарты жылдықта бөлінген 200 млн. теңгеге;
ағымдағы жылғы екінші жартыжылдықта қосымша бөлінген 1800 млн. теңгеге соңғы қарыз алушы үшін сыйақының белгіленген мөлшерлемесі жылына 13,6%-дан аспайтын мөлшерде қарастырылған, соның ішінде бюджет қаражатын кредит ретінде беру үшін - бюджет пайдасына аударуға жататыны жылына 7,1%.
бір соңғы қарыз алушыға бөлінетін кредит қаражатының жоғарғы сомасы 300 000 (үш жүз мың) аспайтын айлық есептік көрсеткіш.
Ескерту: 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2008 жылғы 15 шілдедегі N 194/7, өзгерту енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2008 жылғы 19.09.2008 N 241/9 қаулыларымен.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өтуі бойынша қолданысқа енеді.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.З. Бочинге жүктелсін.
Облыс әкімі Қ. Нұрпейісов