Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облыстық мәслихатының 23.02.2021 № 10/2-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 8-бабының 2-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Облыстық мәслихаттың (ІІ сайланған ХХІV сессиясы) 2002 жылғы 30 желтоқсандағы "Облыс қалалары мен аудандары жерлерін аймақтарға бөлу жобалары (сұлбалары) туралы" N 94/24 шешіміне(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2003 жылғы 22 қаңтарда N 1600 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің 1-тармағы "облыс қалалары мен аудандары" деген сөздерден соң "салық салу мақсатында" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Облыстық мәслихаттың (ІV сайланған VІ сессиясы) 2008 жылғы 20 маусымдағы "Облыстық мәслихаттың (ІІ сайланған ХХІV сессиясы) 2002 жылғы 30 желтоқсандағы "Облыс қалалары мен аудандары жерлерін аймақтарға бөлу жобалары (сұлбалары) туралы" N 94/24 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 103/6 шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Сессия төрағасы | В. Кабурнеев |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | Р. Гафуров |