Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облыстық мәслихатының 23.02.2021 № 10/2-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Облыс жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің төрағасы Н.Т. Бейсембаев мырзаның "Облыс қалалары мен аудандары жерлерін аймақтарға бөлу жобалары (сұлбалары) туралы" ақпаратын тыңдап және талқылай келе, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы 6-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының "Жер туралы" Заңы 7-бабының 3-тармағына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ :
1. Беріліп отырған қосымшаларға сәйкес облыс қалалары мен аудандары салық салу мақсатында жерлерін аймақтарға бөлу жобалары (сұлбалары) бекітілсін:
1) Алынып тасталды - Павлодар облыстық мәслихатының 2010.08.25 N 300/26 шешімімен.2) Екібастұз қаласы (N 2 қосымша)
3) Ақсу қаласы (N 3 қосымша)
4) Ақтоғай ауданы (N 4 қосымша)
5) Баянауыл ауданы (N 5 қосымша)
6) Железин ауданы (N 6 қосымша)
7) Ертіс ауданы (N 7 қосымша)
8) Қашыр ауданы (N 8 қосымша)
9) Лебяжі ауданы (N 9 қосымша)
10) Май ауданы (N 10 қосымша)
11) Павлодар ауданы (N 11 қосымша)
12) Успен ауданы (N 12 қосымша)
13) Шарбақты ауданы (N 13 қосымша)
Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облыстық мәслихатының 2008.10.24 N 141/10; 2010.08.25 N 300/26 Шешімдерімен.2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың табиғатты пайдалану және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Рамазанов Ж.Р) жүктелсін.
Сессия төрағасы | Ю. Алекпаров |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | Р. Гафуров |
РҚАО ескертуі: (схеманы қағаз нұсқасынан қараңыз)