Павлодар облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 23 ақпандағы № 10/2-VII шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 наурызда № 7218 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облыстық мәслихатының сессия төрағасы К. Абишев
      Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Е. Айткенов

  Павлодар облыстық
мәслихатының
2021 жылғы 23 ақпандағы
  № 10/2-VII шешіміне
қосымша

Павлодар облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Павлодар облыстық мәслихатының 2002 жылғы 30 желтоқсандағы "Облыс қалалары мен аудандары жерлерін аймақтарға бөлу жобалары (сұлбалары) туралы" № 94/24 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1600 болып тіркелген).

      2. Павлодар облыстық мәслихатының 2008 жылғы 24 қазандағы "Облыстық мәслихаттың (II сайланған ХХIV сессиясы) 2002 жылғы 30 желтоқсандағы "Облыс қалалары мен аудандары жерлерін аймақтарға бөлу жобалары (сұлбалары) туралы" № 94/24 шешіміне толықтыру енгізу туралы" № 141/10 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3127 болып тіркелген).

      3. Павлодар облыстық мәслихатының 2010 жылғы 25 тамыздағы "Облыстық мәслихаттың (II сайланған XXIV сессиясы) 2002 жылғы 30 желтоқсандағы "Облыс қалалары мен аудандары жерлерін аймақтарға бөлу жобалары (сұлбалары) туралы" № 94/24 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 300/26 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3170 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады