Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы N 130/2 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік көмекті тағайындау жөнінде қоса берілген нұсқаулық бекітілсін.
2. Павлодар қаласы әкімдігінің:
2007 жылғы 20 сәуірдегі "әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 553/10 (мемлекеттік тізбедегі нормативтік құқықтық актіде N 12-1-88 тіркелген);
2007 жылғы 23 тамыздағы "Павлодар қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі "әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 553/10 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" N 1085/18 (мемлекеттік тізбедегі нормативтік құқықтық актіде N 12-1-93 тіркелген);
2007 жылғы 9 қарашадағы "Павлодар қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі "әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 553/10 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" N 553/10 (мемлекеттік тізбедегі нормативтік құқықтық актіде N 12-1-98 тіркелген) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы С. Д. Асановқа жүктелсін.
Павлодар қаласының әкімі Б. Демеуов
Павлодар қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 8 сәуірдегі
"әлеуметтік көмекті тағайындау
жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы"
N 424/10 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық Павлодар қаласының аумағында тұрақты өмір сүретін және өмірге кұқығы бар азаматтығы жоқ тұлғаларға, шетелдіктерге, босқындық мәртебесі бар тұлғаларға, оралмандарға, Қазақстан Республикасының азаматтарына әлеуметтік көмек төлеуді жүзеге асыру және тағайындауды талдап тексереді.
2. Әлеуметтік көмек көрсету мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
1) әлеуметтік көмек (жерлеуге арналған жәрдемақы, біржолғы әлеуметтік көмек, жеке меншік секторында тұратын азаматтарға қатты отын алуға қаражат беру, аз қамтамасыз етілген отбасыларының және ата анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне облыс жоғары оқу орындарында төлеу үшін (бұдан әрі - оқуына төлеу үшін әлеуметтік көмек көрсету) әлеуметтік көмек;
2) әлеуметтік қызмет (Павлодар қаласының тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасын іске асыру шегінде, қозғалуда қиындық көретін және еріп жүретін адамды қажет ететін, мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы автокөлікпен тасымалдауды ұсыну, мүгедектердің арбалы-орындықтарын жөндеу, мұқтаж азаматтарды ыстық тамақпен қамтамасыз ету, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелеттік жасқа толмаған балаларға патронатты түрде көмек көрсету, естімейтін және нашар еститін азаматтарға көмек көрсету, туберкулезге қарсы диспансердің амбулаториясында емделуде жүрген азаматтарды тамақпен қамтамасыз ету, 3, 4 сатылы онкологиялық аурумен ауыратындарға көмек, жасөспірімдер мен жетімдерді әлеуметтік-психологиялық бейімдеу, мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызмет көрсету, еңбек ардагерлерін әлеуметтік - құқықтық көмекті үкіметтік емес ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек көрсету).
3) "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" (бұдан әрі-Бөлім) мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша біліктілігін арттыруды, қайта даярлауға, кәсіби оқуын өткен кезде жұмыссыздарға материалдық көмек.
3. Әрбір көмектің аталған түрлері осы Нұсқаулықта көрсетілгендей, көмектің (жәрдемақының) басқа түрлерін алусыз тағайындалады және төленеді, күнтізбелік жыл бойы біржолғы ақшалай түрінде (арнаулы мемлекеттік көмек алмайтын алдында беделді еңбегі үшін зейнетақы алатын зейнеткерлерге; ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына (бұдан әрі - ҰОС) дәрі-дәрмек сатып алуға; Павлодар қаласының құрметті азаматтарына; радиациялық апат салдарынан 1 топ мүгедектері болғандарға, ядролық қарулар сынағы кезінде мүгедек болған тұлғаларға дәрі-дәрмек сатып алу үшін, қалалық қоғамдық көліктерде жол жүруге өтемақы; коммуналдық қызмет бойынша шығындардың орнын толтыру үшін жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету).
4. Қаржыландыру көзі - қалалық бюджет.
5. Әлеуметтік төлем алуға үміткер тұлға (бұдан әрі - Өтініш беруші), отбасының жиынтық табысы осы Нұсқаулықтың 8 - бөліміне сәйкес есептеледі.
6. Төлем екінші деңгейдегі банктер арқылы Өтініш берушілердің жеке есеп шоттарына ақшалай қаражатты аудару жолымен "қазпошта" акционерлік қоғамдықтың бөлімдерімен жүзеге асырылады.
7. Өтініш беруші жазбаша өтініш береді және белгіленген тізбеге сәйкес Бөлімге қажетті құжаттарды тапсырады.
8. Өтініш беруші осы және өзге де әлеуметтік көмекті алуға қатысты барлық өзгерістер жөнінде Бөлімге тапсырған күннен бастап 15 күннен аспауы керектігін хабарлауға міндетті.
9. Өтініш беруші ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін толығымен жауапты.
10. Отбасының құрамы жиынтық табыс анықталған кезеңге есептеледі.
11. Отбасының кұрамына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үйге құқығы сақталатын ұзақ уақыт болмаған адамдар қосылмайды.
12. Бөлім әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешімді өтініш берушінің жазбаша өтініші және мәліметтер базасына сәйкес жүргізілетін төлемдер жөніндегі тармақтардан немесе Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың тізімінсіз (бұдан әрі - ЗТМО), Павлодар қаласының жалғызбасты, қартайған және жұмысқа жарамсыз азаматтарға үйде әлеуметтік көмектің аумақтық орталығынан басқа, осы Нұсқаулыққа сәйкес оған қоса берілген құжаттары негізінде қабылдайды.
13. Әлеуметтік көмекті тағайындауда даулы жағдай пайда болған жағдайда мәселе Бөлім жанынан кұрылған әлеуметтік төлемақы тағайындау жөніндегі комиссиямен (бұдан әрі - Комиссия) шешіледі. Комиссия айрықша жағдайларда өтініш беруші отбасының құрамын және кіріс табысының есебінсіз әлеуметтік төлемақыны есептеуге рұқсат беруге құқылы.
2. Жерлеуге арналған жәрдемақы
14. Жерлеуге арналған жәрдемақы табысына және отбасы құрамына қарамастан, азаматтардың мына санаттарына тағайындалады (зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік көмек алатын адамдардан басқа):
1) қайтыс болары алдында жұмыс істегендерге;
2) қайтыс болары алдында Бөлімде есепте тұрған жұмыссыздарға;
3) стационарлық емделуде жүрген кезде қайтыс болғандарға;
4) зейнеткер жасы алдындағы жұмыссыз адамдарға: жұмыспен қамту органында тіркелуіне қарамастан ерлер 58 жастан, әйелдер 53 жастан;
5) Ауғанстандағы соғыс әрекетіне, сондай - ақ жұмыспен қамту органында тіркелуіне және жасына қарамастан Чернобыль атом электр станциясында (бұдан әрі- ЧАЭС) апат салдарын жоюға қатысқан жұмыссыздарға;
6) онкологиялық, туберкулез ауруы салдарынан, жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі ауруынан қайтыс болғандарға;
7) жедел әскери қызметтерде қайтыс болғандарға;
8) орта білім беретін арнаулы оқу орындарында оқитын балаларға және 18 жастан жоғары күндізгі оқу бөліміндегі студенттерге;
9) жұмыс істемейтін 7 жасқа дейін балалары бар әйелдер.
15. Жәрдемақы тағайындау үшін міндетті түрде: жеке куәлігінің нөмірі, банктің аты және жеке шоты, салық төлеушінің тіркелу нөмірі көрсетілген, жерлеуді жүзеге асырған тұлғадан өтініш, АХАЖ органынан анықтама, қайтыс болған адамның қайтыс болғаны туралы анықтама, қайтыс болған адамның мәртебесін растайтын құжат әкелуі қажет.
16. Өтемақы мөлшері он бес айлық есеп көрсеткішін құрайды.
17. Жәрдемақыны алуға құқығы берілген күннен бастап жәрдемақы тағайындалады, егер өтініш осы құқығы берілген күннен 6 айдан кем болмауы керек.
18. Біржолғы әлеуметтік көмекке (бұдан әрі - көмек) отбасының құрамы және табыс есебімен мына азаматтар санаттарының құқықтары бар:
1) табысы ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын, жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер; көмек мөлшері - 2000 (екі мың) теңге;
2) жан басына шаққандағы орташа табыстары өмір сүру минимумынан төмен зейнетақы жасы алдындағы жалғызбасты, жалғыз тұратын жұмыссыз тұлғалар немесе отбасы жұптары; ерлер 58 жастан, әйелдер 53 жастан, көмек мөлшері - 3000 (үш мың) теңге;
3) жан басына шаққандағы орташа табыстары ең төменгі зейнетақы мөлшеріне аспайтын отбасыларының:
зейнеткерлер мен (немесе) мүгедектердің; көмек мөлшері - 3000 (үш мың) теңге;
зейнеткерлер мен (немесе) мүгедектердің, жұмыссыз тұлғаларын; "жұмыссыз" ретінде Бөлім есебінде тұрғандар; көмек мөлшері - 5000 (бес мың) теңге;
4) жан басына шаққандағы орташа табыстары төмен, ең төменгі еңбек ақы мөлшерінен аспайтын, үйде оқытуға арналған жәрдемақыны алмайтын, 16 жасқа дейінгі бала жасынан мүгедек - балаларды тәрбиелейтін отбасылардың; көмек мөлшері - 10000 (он мың) теңге;
5) жедел медициналық көмек қызметінің анықтама көшірмесін берген күннен бастап бір ай мерзім аралығында жағдайына қарай өтініш берген, жедел хирургиялық операциядан өткен, жан басына шаққандағы орташа табыстары төмен, ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын тұлғалар; көмек мөлшері - 15000 (он бес мың) теңге;
Комиссия медициналық мекемелердің құжаттарына сәйкес көрсеткен жоспарлы операциядан өткен тұлғаларға көмек мөлшерін 15 (он бес мың) теңгеден көп емес етіп белгілейді.
19. төлемдерді іске асыру үшін міндетті түрде мынадай құжаттар керек (18-тармақ үшін):
банктің нөмірі және жеке шоты, салық төлеушінің тіркелу нөмірі көрсетілген осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, отбасының жиынтық табысын және құрамын анықтайтын құжаттар, зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі, тұратын мекенжайынан анықтама немесе үй кітабынан үзінді көшірмесі.
20. Отбасы құрамы және табысы ескермей көмекті алуға мына санаттағы азаматтардың құқықтары бар:
1) ата - анасы оларды тәрбиелеуден және асыраудан бас тарту себебі бойынша қамқорлықта жүрген балалардың; асыраушысын жоғалтқаны жөніндегі жәрдемақы алушылардан басқа; көмек мөлшері - 4000 (төрт мың) теңге;
2) төтенше жағдайлар кезінде жазатайым оқиғаға ұшырағандар, зілзала апаты, өрт салдарынан өмір сүруге қаражатсыз қалған тұлғалар (төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма немесе өртке қарсы қызмет қорытындысы бойынша); көмек мөлшері - 35000 (отыз бес мың) теңге (бұрынғы алған біржолғы көмекке қарамастан). Үй тұрмысы, пәтер заттарының бөлшектеп зақымданған кезіндегі Комиссия шешімі бойынша көмек мөлшері - 15000 (он бес мың) теңге;
3) жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі мен (диспансерлер тізімі бойынша), туберкулезге шалдыққан амбулаторлық емделудегі (диспансерлер тізімі бойынша, емдеу тәртібін бұзбай), онкологиялық аурулармен ауыратын (диспансерлер тізімі бойынша), арнайы белсенді ем алатын тұлғалар:
жаңадан пайда болған ісіктің ауыр түрлері (3 - 4 кезеңдер);
қан өндіру және лимфатикалық жүйенің түрлері (лейкемия, лимфопролиферативтік аурулар);
нәжіс, зәр және дем алатын жерінде іріңдеген терең жара бар болуы;
көмек мөлшері - 10000 (он мың) теңге;
амбулаторлық емделуге арналған туберкулезбен ауыратын тұлғалардың жолақысы (диспансер тізімі бойынша емдеу аяқталғаннан кейін); көмек мөлшері - 5000 (бес мың) теңге;
4) қаланың емдеу - алдын алу мекемелерінде бірінші диспансерлік топта туберкулез аурулары ретінде есепте тұрған балалары бар отбасыларына; көмек мөлшері - 10000 (он мың) теңге;
5) көзі көрмейтін 1 топтағы мүгедектердің; көмек мөлшері - 4000 (төрт мың) теңге;
6) Павлодар қаласының құрметті азаматтары; көмек мөлшері - мәліметтер базасына немесе ЗТМО тізіміне сәйкес ай сайын 3000 (үш мың) теңге;
7) арнаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алмайтын, "Павлодар қаласының құрметті азаматы" атағы бар зейнеткерлік жасындағы тұлғалар, санаториялық-курорттық емделуге арналған ақшалай өтемақы; мәліметтер базасына немесе ЗТМО тізіміне сәйкес көмек мөлшері - 17000 (он жеті мың) теңге;
8) облыс алдында ерен еңбегі үшін зейнетақы алатын, арнаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алмайтын тұлғалар; мәліметтер базасына немесе ЗТМО тізіміне сәйкес ай сайын көмек мөлшері - 1000 (бір мың) теңге;
9) әлеуметтік сауықтыру және бейімделуге БЦС ауруымен ауыратын 16 жасқа дейінгі мүгедек - балалары бар отбасылар; көмек мөлшері - 15000 (он бес мың) теңге;
10) қарттар күні қарсаңында, Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына үлкен үлес қосқан зейнеткерлердің кейбір санаттарына; мәліметтер базасына немесе ЗТМО тізіміне сәйкес көмек айлық зейнетақы мөлшерінде;
11) толық емес жұмыс өтілімін әлеуметтік жәрдемақы алатын жалғызбасты және жалғыз тұлғалар; көмек мөлшері - 7000 (жеті мың) теңге, бірақ жылына бір реттен көп емес;
12) аймақтық, Республикалық, халықаралық жарыстарға дайындалу үшін мүгедек-спортшыларға; көмек мөлшері - 10000 (он мың) теңге;
13) 9 Май мерекесіне:
"ұлы Отан Соғысы жылдарындағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін" медалімен марапатталған тыл еңбеккерлері, КСРО-ның "Ленинградты қорғағаны үшін", "Мәскеуді қорғағаны үшін", "Одессаны қорғағаны үшін", "Севастопольды қорғағаны үшін", "Сталинградты қорғағаны үшін", "Кавказды қорғағаны үшін", "Кеңестік Заполярьены қорғағаны үшін" ордендерімен, медальдарымен марапатталғандар, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "құрсаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтар, фашистер мен олардың одақтастары құрған бұрынғы гетто, концлагерлер және басқа да мәжбүрсіз ұстау орындарының кәмелет жасында болмаған тұтқындардың, ҰОС жауынгерлерінің (қайтыс болғандардың, із - түзсіз жоғалғандардың) қайтадан неке құрмаған жесірлері мен ата-атаналары; қайтыс болған соғыс мүгедектері мен оларға тең келетін мүгедектердің неке құрмаған әйелдері (ерлері) және де қайтыс болған соғысқа қатысушылар, партизандар, астыртын әрекет етушілер, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен марапатталған азаматтардың әйелдері (ерлері); "Жапонияны жеңгені үшін", "Германияны жеңгені үшін" медалімен марапатталған тұлғалар, осы медальдарға куәліктері барлар; 1941 жылдың 22 маусым мен 1945 жылдың 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істеген азаматтарға көмек мөлшері - 2000 (екі мың) теңге;
ағымдағы жылы біржолғы көмек алғанына қарамастан, ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына көмек мөлшері 7000 (жеті мың) теңге;
ҰОС мүгедектері мен қатысушыларға арналған сыйлықтар жинағына, 3000 (үш мың) теңге бағасынан кем емес;
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылдың мамырына дейінгі кезеңде 6 айдан кем емес жұмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін белгілеу бойынша Арнайы комиссиясының шешімімен және Зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі қалалық орталықтың деректер қорына сәйкес төлем жүзеге асырылады;
14) Отан қорғаушылар күніне; Ауған соғысының мүгедектер мен қатысушылар, ЧАЭС апаты қалдықтарын жоюға қатысушылары; көмек мөлшері бес айлық есеп көрсеткіші; Зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі қалалық орталықтың деректер қорына төлемдер жүзеге асырылады;
15) сауықтыру үшін Ауған соғысының мүгедектер мен қатысушылар, ЧАЭС апаты қалдықтарын жоюға қатысқандарға; көмек мөлшері - тоқсан сайын екі айлық есептік көрсеткіші; Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың деректер қорына төлемдер жүзеге асырылады;
16) дәрі-дәрмек сатып алу үшін ҰОС мүгедектері мен қатысушылары; көмек мөлшері ай сайын бір айлық есеп көрсеткіші;
17) Мүгедектері қорғау күні және қарттар күні қарсаңында:
тегін телефон орнату үшін жалғызбасты жұмысқа қабілеті жоқ қала тұрғындарына үйдегі әлеуметтік көмек орталығының тізімдемесі бойынша жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткерлер; көмек мөлшері - 13000 (он үш мың) теңге;
ағымдағы жылы біржолғы көмек алғанына қарамастан, табыстары ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын зейнеткерлер мен мүгедектер; көмек мөлшері - 1000 (бір мың) теңге; Зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі қалалық орталықтың (бұдан әрі - ҚЗТО) деректер қорына сәйкес іске асырылады;
ағымдағы жылы бір жолғы көмек алғанына қарамастан, 80 жастан асқан зейнеткерлер; көмек мөлшері - 1000 (бір мың) теңге; төлем ҚЗТО деректер қорына сәйкес іске асырылады;
ағымдағы жылы біржолғы көмек алғанына қарамастан, 100 және одан да көп жасқа жеткен зейнеткерлер; көмек мөлшері - 5000 (бес мың) теңге; төлем ҚЗТО деректер қорына сәйкес іске асырылады;
кәмелет жасына толмаған балаларымен мүгедек-әйелдер және де жеті жасқа дейінгі мүгедек балаларымен толық отбасылар; көмек мөлшері төрт айлық есептік көрсеткіш;
18) Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердін ата-анасына, Ауғанстаннан әскерлерді Шығару күніне арналған біржолғы көмек көрсетуге, көмек мөлшері 10000 (он мың теңге).
19) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысы негізінде 18 жасқа дейін үйде мүгедек балаларды оқытатын және тәрбиелейтін отбасылар; көмек мөлшері - тоқсан сайын алты айлық есеп көрсеткіші;
20) радияциялық апат, ядролық қаруды сынау салдарынан 1 топтағы мүгедек болған адамдарға дәрі-дәрмек сатып алуға; көмек мөлшері - тоқсан сайын бір айлық есеп көрсеткіші;
21) уәкілеттік органдарда тіркелген жұмыссыз деп және кәсіби оқуына жіберілген, қайта оқу және біліктілігін арттыру жұмыссыз адамдарға материалдық көмек тағайындалады; көмек мөлшері бір ай (20 оқу күні) кәсіби оқуына бір жұмыссыз қатысушысына бес айлық есеп көрсеткішін құрайды. Жұмыссыз азаматтарға нақты сабаққа қатысқан оқу мекеменің табельдеріне сәйкес төлемдер ұсынылады.
22) Алматы, Щучинск қалаларына санаторлық-курорттық емдеуге ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына жол жүру құнының орнын толтыру түрлеріне; Алматы қаласына жол жүру құнының орнын толтыру бойынша көмек мөлшері бір демалушыға 11000 (он бір мың) теңгеден аспайды, Щучинск қаласына бір демалушыға 5400 (бес мың төрт жүз) теңгеден аспайды. Төлемдер купе-вагоны билетінің құнынан аспайтын ұсынылған жол жүру билетіне сәйкес жылына бір рет жүргізіледі.
23) коммуналдық қызмет бойынша шығындардың орнын толтыру үшін жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету:
а) ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын 2,5 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде;
б) алдыңғы тоқсанда тағайындалатын тоқсанда бір адамға тұрғын үй көмегін тағайындауды қабылдау кезінде әлеуметтік стандарттар нормаларына сәйкес электр тоғын, ыстық және суық судың жалпы сомасы мөлшерінде ай сайын:
Ауғанстанда әскери іс-әрекеттерін жүргізуге қатысқан жауынгерлерге;
Чернобыль АЭС апаты салдарын жоюға қатысқан тұлғаларға;
ҰОС қаза болған жауынгерлердің қайта неке қимаған жесірлеріне;
"Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "құрсаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған тұлғаларға;
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашисттермен және олардың одақтастарымен құрылған, концлагерлерде тұтқында болған жасөспірімдерге, гетто және басқа жерлерде еріксіз ұстауда болғандарға төленеді;
в) ай сайын екі айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде:
жалғызбаста және жалғыз тұратын жұмысқа жарамсыз қартайған азаматтарға және тұрғын үйдің бір бірлігіне иегер немесе жалға алушы болып табылатын қалада жұмысқа жарамсыз балалары жоқ (зейнеткерлер, 1, 2 топ мүгедектері мен зейнеткерлері, 1, 2 топтағы мүгедектері) отбасы жұптарына;
қосымша жасы бойынша төменгі мөлшерге дейін зейнетақы алатын зейнеткерлерге.
төлемдер уәкілетті органдарда қойылған айдағы есептен бастап Павлодар қаласының жалғызбасты, қартайған және жұмысқа жарамсыз азаматтарға үйде әлеуметтік көмектің аумақтық орталығы және Зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі қалалық орталықтың тізіміне сәйкес жүргізіледі;
24) барлық жеке меншік түрдегі қалалық қоғамдық көліктерде жол жүруге өтемақы (жеке таксилерден басқасы):
айына 800 теңге мөлшерінде мынадай санаттағы азаматтарға: республикалық және облыстық маңыздағы зейнеткерлерге; Әскер мүгедектеріне, соның ішінде Кеңестік Әскер мүгедектеріне, Ауғанстанда соғыс әрекеттеріне қатысушыларға және мүгедектерге; Чернобыль АЭС апаты салдарын жоюға қатысқан тұлғаларға; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім-балаларға (толығымен мемлекеттің қамтуында тұрғандардан басқа), 23 жасқа дейін күндізгі оқу орнында оқитындарға; 1 топтағы мүгедектерге және еріп жүретін тұлғалары бар көру бойынша 1 топтағы мүгедектерге (еріп жүретін тұлғалар үшін өтемақы алушының берілген жәрдемақы түрінде төленеді); 16 жасқа дейінгі 7 жастан бастап 16 жасқа дейінгі жастағы мүгедектерге және 16 жасқа дейінгі мүгедек бала деп белгілеген айдан бастап мүгедек балалармен еріп жүретін тұлғалар үшін (еріп жүретін тұлғалар үшін
өтемақы алушының берілген жәрдемақы түрінде төленеді); Ауғанстанда әскери
әрекеттер кезінде қаза болған жауынгерлердің ата-аналарына; бейбітшілік уақытта әскери қызметін өтеп жүрген кезінде қаза, қайтыс болған әскери қызметкерлердің отбасыларына; 18 жасқа дейін төрт және одан да көп балалары бар аналарға; 2 топтағы мүгедектерге; "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Құрсаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған тұлғаларға өтемақы төленеді.<*>
Ескерту: Шешімнің 24 тармақшасына өзгерістер енгізілді - Павлодар әкімиятының 2008 жылғы 27 мамырдағы N 641/13 қаулысымен.
төлемдер уәкілетті органдарда қойылған айдағы есептен бастап жеке санаттағы азаматтар үшін тоқсан сайын белгіленген мөлшерде Зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі қалалық орталықтың тізіміне сәйкес зейнетақы немесе жәрдемақы алушыға (қорғаншыға) жүргізіледі.
25) негізгі азық-түлік тағамдарына бағаның өсуіне байланысты әлеуметтік-әлжуаз санаттағы азаматтарға көмек көрсету: көмекті алушы отбасы мүшелерінің есебімен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға; 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік балалар жәрдемақысын алатын өтініш берушілерге; азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бөлімінде есепте тұрған жұмыссыздарға, соның ішінде қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға, курстарға қатысушыларға; көп балалы аналарға (18 жасқа дейінгі төрт және одан да көп балалары бар көп балалы аналарға мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушылар; "Күміс Алқа", "Алтын Алқа" алқаларымен марапатталған); амбулаториялық емделуде жүрген туберкулезбен ауыратын азаматтарға; өткен тоқсанға өтініш берген тоқсандағы бас бостандығынан айыру мекемелерінен шыққан тұлғаларға; жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткерлерге және бөгде адамның көмегіне мұқтаж мүгедектерге; 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға" толықтырылсын.
Көмек мөлшері тоқсан сайын 1,5 айлық есеп көрсеткішін құрайды. Төлемдер осы тармақшадағы басқа санаттар бойынша растайтын тұлғалардан басқа, әрбір санаттағы азаматтар бойынша бұрынғы тоқсандағы төлемдер тоқсандар үшін Бөлімнің және ЗТМО мәліметтер базасына сәйкес жүзеге асырылады.<*>
Ескерту: Шешім 25 тармақшамен толықтырылды - Павлодар әкімиятының 2008 жылғы 27 мамырдағы N 641/13 қаулысымен.
26) соғыс және еңбек ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, Павлодар облысының 70 жылдығы мерейтойы қарсаңында, облысты дамытуға қомақты үлес қосқан, ардагерлермен және еңбегі сіңірген адамдарға Астана қаласына саяхатқа жол жүру үшін әлеуметтік көмек көрсету; көмек мөлшері 50000 теңге; төлемдер Павлодар ауылының әкімімен бекітілген тізімге сәйкес жүзеге асырылады.<*>
Ескерту: Шешім 26 тармақшамен толықтырылды - Павлодар әкімиятының 2008 жылғы 27 мамырдағы N 641/13 қаулысымен.
27) әлеуметтік саладағы жұмыстарға жіберілген жас мамандарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсету мөлшері 300000,0 (үш жүз мың) теңге.
Әлеуметтік көмек жіберілген мекенжайы бойынша жұмысқа орналастырылған және азаматтарды тіркеу кітабында тіркелген, облыстың денсаулық сақтау департаментіне әлеуметтік саладағы жұмыстарға жолдама алған, күндізгі оқу бөліміндегі жас түлектерге төленеді.<*>
Ескерту: Шешім 27 тармақшамен толықтырылды - Павлодар әкімиятының 2008 жылғы 31 шілдедегі N 949/18 қаулысымен.
21. өтініш беруші беретін құжаттар тізбесіне мыналар енеді (20 тармақ үшін):
Осы әлеуметтік төлем алуға құқығы бар тұлғадан банктің аты және жеке шоты, салық төлеушінің тіркелу нөмірі, әлеуметтік жеке коды көрсетілген өтініш, жеке куәлігін көшірмесі, зейнетақылық куәлігінің көшірмесі (5), 9), 11), 12) - тармақшалар үшін), санаториялық - курорттық емделудің қажеттілігін айқындайтын медициналық мекеме анықтамасының көшірмесі (7 тармақ үшін), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "құрметті азамат" мәртебесі атағын алу нысанын айқындайтын құжаттың көшірмесі, тұрақты мекенжайынан анықтама немесе үй кітабының үзінді 27)-тармақша үшін тиісті департаментпен берілген жұмысқа жолдама, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі.<*>
Ескерту: Шешімнің 21 тармағына өзгерістер енгізілді - Павлодар әкімиятының 2008 жылғы 31 шілдедегі N 949/18 қаулысымен.
4. Жеке меншік сектордан тұратындарға қатты отын сатып
алуға арналған қаражат беру
22. көрсетілген төлемге мынадай санаттағы азаматтардың құқықтары бар:
1) жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер;
2) жалғызбасты, жалғыз тұратын зейнетақы жасы алдындағы жұмыссыздар: жан басына шаққандағы орташа табыстары өтініш берген кездегі ең төменгі еңбек ақы мөлшерінен аспайтын ерлер 58 жас, әйелдер 53 жас;
3) жан басына шаққандағы орташа табыстары өтініш берген кездегі кедейшілік шегі деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасылар;
4) жан басына шаққандағы орташа табыстары өтініш берген кездегі ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын зейнеткерлер және (немесе) мүгедектерден тұратын отбасылар;
5) жан басына шаққандағы орташа табыстары өтініш берген кездегі ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын зейнеткерлер, "жұмыссыз" ретінде есепте тұрған жұмыссыздар мен мүгедектер, оның ішінде зейнетақы жасы алдындағы тұлғалардан тұратын отбасылар;
23. өтініш беруші беретін құжаттар тізбесіне:
салық төлеушінің тіркелу нөмірі, жеке шоты және банктің атауы көрсетілген өтініш, үйге арналған (қолдануға) меншік құқығы және отбасының құрамы мен табысын анықтайтын құжаттар енеді.
24. Төлем мөлшері бір отбасына 5000 (бес мың) теңгені құрайды.
25. қаражат жылына 1 рет екінші жартыжылдықта беріледі.
5. Оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек
26. Жан басына шаққандағы орташа табыстары өмір сүру минимумы шамасына аспайтын (ағымдағы жылдың 2 тоқсаны) аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы жалпы білім беретін мектеп түлектеріне және ата-анасының қамқорынсыз қалған түлектерге облыстық жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек табысы есебінсіз конкурстық негізінде облыстық жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек алуға үміткерлерді іріктеу жүргізу жөніндегі қалалық комиссияның (бұдан әрі - іріктеу жүргізу жөніндегі Комиссия) шешімі бойынша тағайындалады. Олардың тұрғылықты әлеуметтік - тұрмыстық жағдайларын тексеру актілер және жиынтық табысы туралы ақпарат оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау кезінде бір рет беріледі.
27. Облыстың жоғарғы оқу орнында ата-анасының қамқорлықсыз қалған және аз қамтамасыз етілген отбасылардың студенттеріне өмір сүруге, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге оқу кезінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Облыстың жоғарғы оқу орнында оқуға төлеу үшін материалдық көмек алушыларға, ата - анасының қамқорлықсыз қалған және аз қамтамасыз етілген отбасылардың студенттеріне өмір сүруге, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге әлеуметтік көмек тағайындалады.
28. Оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмекті алуға үміткерлерді таңдау алған балдарының ең жоғары деңгейі саны бойынша жүргізіледі. Егер балдары тең болған жағдайда жалпы білім беретін мектепті өте жақсы бағамен бітіргені туралы аттестат иегерлерінің құқықтары басым болады.
29. Оқуына төлеу үшін әлеуметтік көмек оқу жылына сәйкес оқу курсының студенттерінің сабаққа қатысулары мен үлгерімдерін жоғары оқу мекемесі растағаннан кейін нақты оқу құны мөлшерінен екі есе өтініш берушінің есеп шотына аударылады. өтініш беруші оның есеп шотына түскен ақшалай қаражатты нысаналы пайдалануға толығымен жауап береді.
Студенттік оқу орнынан шығарылған жағдайында, оқу орнының "Оқудан шығару" бұйрығының негізінде нақты шығарылған күніне дейін оқуға төлеу жүргізіледі.
Ай сайын өмір сүруге, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде ай сайын әлеуметтік көмек көрсетеді.
30. Оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындауға қажетті құжаттар тізбесі:
1) 1 қосымша сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы N 169/5 қаулысымен бекітілген аз қамтамасыз етілген және ата - анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарында оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау Ережелерінің (бұдан әрі - Ереже) нысаны бойынша өтініш;
2) 2 қосымшаға сәйкес Ереженің нысаны бойынша, аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан және ата - анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беру мектебі түлегінің тұратын әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі;
3) отбасы құрамын және тіркеу фактісін айқындайтын құжат (үй кітапшасы, жоқ болған жағдайда мекенжай орнынан анықтама);
4) отбасы мүшелерінің табыстары туралы анықтамалар жұмыссыз азаматтар үшін жұмыспен қамту қызметіндегі тіркеуі туралы анықтама (аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы жалпы білім беретін мектеп түлектері үшін);
5) ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік (ата - анасының қамқорынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектері үшін);
6) қамқоршы тағайындау туралы шешім (ата - анасының қамқорынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектері үшін);
7) Ереженің 3 қосымшасына сәйкес білім беру қызметін көрсетуге арналған үш жақты шарт;
8) Ереженің 4 қосымшасына сәйкес, Павлодар қаласы бойынша еңбек нарығымен сәйкес кадрлар қажеттілігі туралы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек алуға үміткерлерге іріктеу жүргізу жөніндегі Комиссия төрағасына анықтама;
9) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
31. Оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмекке үміткерлердің тұрақты әлеуметтік - тұрмыстық жағдайларын тексеру актілерін Бөлім жасайды.
32. Іріктіруді өткізу бойынша Комиссиясының шешімі негізінде оқуға төлеу үшін әлеуметтік көмекті алған тұлға, Бөлімге қосымша төмендегі құжаттарды ұсынады:
тұрақты мекенжайы бойынша Халықтық банк филиалында ашылған жеке есеп шотының нөмірін; жеке куәлігі; ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде жинаған балдар санының қорытындысы туралы сертификат береді.
6. Павлодар қаласының тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету
қалалық бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі үкіметтік емес
ұйымдар арқылы көрсетілетін әлеуметтік көмек
33. 3, 4 сатылы онкологиялық ауруымен ауыратындарға әлеуметтік көмек көрсету.
Осы қызмет түріне басқа адамдардың көмегімен мұқтаж 3, 4 сатылы онкологиялық аурумен ауыратындар құқылы. Осы қызмет түрі патронаж хабарлау негізінде 12 күн емдеу курсын өткен кезде 15 төсек - орынға есептелді; көмек мөлшері бір онкологиялық аурумен ауыратынға бір күніне 1188,57 (бір мың жүз сексен сегіз бүтін, жүзден елу жеті) теңге.<*>
Қайталау емдеу курсының саны ағымдағы жылы емдеу дәрігерімен анықталады.
Ескерту: Шешімнің 33 тармағына өзгерістер енгізілді - Павлодар әкімиятының 2008 жылғы 31 шілдедегі N 949/18 қаулысымен.
34. Патронатты және қамқоршы және қамқорлықтағы органдар арасындағы келісім-шарт қорытындысы негізінде ата - анасының қарауынсыз қалған, кәмелетке толмаған балаларға патронаттық түрде көмек көрсету.
Кәмелетке толмаған балаларға айына көмек мөлшері 9750 (тоғыз мың жеті жүз елу) теңге.<*>
Ескерту: Шешімнің 34 тармағына өзгерістер енгізілді - Павлодар әкімиятының 2008 жылғы 31 шілдедегі N 949/18 қаулысымен.
35. Өзгенің көмегін және әлеуметтік қызмет көрсетуді қажет ететін және әлеуметтік көмектің қызмет алуға құқығы жоқ тұлғаларға, әлеуметтік - волонтерлік көмек көрсету.
Туберкулездің белсенді түрімен, психикалық аурумен (неврозды, соматикалық аурулар кезеңдегі невроз жағдайын, жындылықтың жеңіл түрлерін, түрлі этиологиядағы селкілдік белгілерін (2-3 айда кем дегенде бір рет анда-санда талмаларды, жарыместікті және жеке тұлғадағы өзгерістерді қоспағанда) карантиндік инфекциялар, тері мен шаштың жұқпалы аурулары, жыныстық аурулар, ЖҚТБ, арнайы мамандандырылған медициналық мекемелерде емдеуді қажет ететін аурулар үйде қызмет көрсетуге медициналық қарсы көрсетімдер болып табылады.
Бір адамға қызмет көрсету бағасы бір айға 2108,89 (екі мың жүз сегіз бүтін жүзден сексен тоғыз) теңге.<*>
Ескерту: Шешімнің 35 тармағына өзгерістер енгізілді - Павлодар әкімиятының 2008 жылғы 31 шілдедегі N 949/18 қаулысымен.
36. Тексеру актілеріне сәйкес қажет ететін азаматтарды ыстық аспен қамтамасыз ету.
Ыстық тамаққа мынадай санаттағы мұқтаж азаматтардың құқығы бар: аз қамтамасыз етілгендер; жұмыссыздар; жалғызбасты және көп балалы аналар; дәргерлік комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеуі бар тұлғалар; бас бостандықтан айырылған жерден босатылған тұлғалар; зейнеткер жасы алдындағы тұлғалар; өмірдің қиын жағдайына түскен тұлғалар. қызметтің орта айлық мөлшері күніне бір адамға 162,37 (жүз алпыс екі бүтін, жүзден отыз жеті) теңгені құрайды.<*>
Ескерту: Шешімнің 36 тармағына өзгерістер енгізілді - Павлодар әкімиятының 2008 жылғы 31 шілдедегі N 949/18 қаулысымен.
37. Туберкулезге қарсы диспансер тізіміне сәйкес амбулаторлық емдеуде жатқан туберкулез ауруымен ауыратындарды түскі ыстық тамақпен қамтамасыз ету (ауылдық округтерде тұратын тұлғаларға аптасына бір рет азық-түлік тарату).
Қызмет мөлшері бір адамға айына - 1351,06 (бір мың үш жүз елу бір бүтін, жүзден алты) теңге.<*>
Ескерту: Шешімнің 37 тармағына өзгерістер енгізілді - Павлодар әкімиятының 2008 жылғы 31 шілдедегі N 949/18 қаулысымен.
38. Оларды оқыту және қайта оқытуға жәрдемдесу және қарым - қатынас арасын кеңейту есебінен есту бойынша мүгедектердің әлеуметтік бейімделуінің табысты болуына жағдай жасау нысанында естімейтін және нашар еститін азаматтарға қызмет көрсету.
Бір адамға ай сайын қызмет мөлшері 5213,89 (бес мың екі жүз он үш бүтін, жүзден сексен тоғыз) теңгені құрайды.<*>
Ескерту: Шешімнің 38 тармағына өзгерістер енгізілді - Павлодар әкімиятының 2008 жылғы 31 шілдедегі N 949/18 қаулысымен.
39. Жетім - жасөспірімдердің әлеуметтік - психолоиялық бейімделуі. Интернат түрі мекемесінде тұратын жетім - жасөспірімдердің өмірлік белсенділікті ұстамдарын дамыту, жаңа әлеуметтік жағдайына бейімделуіне берілген көмек түрі жіберілді.
Бір адамға ай сайын қызмет мөлшері 5000 (бес мың) теңгені құрайды.<*>
Ескерту: Шешімнің 39 тармағына өзгерістер енгізілді - Павлодар әкімиятының 2008 жылғы 31 шілдедегі N 949/18 қаулысымен.
40. Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызмет көрсету. Осы қызмет түрі белгіленген заңнама тәртібімен бекітілген жеке немесе психикалық жетіспеушілігімен, өмір әрекеттеріне шектеулігі бар, туғаннан ауру, тұқым қуалаған 18 жасқа толған балалар үшін тағайындалған.
Бір адамға ай сайын қызмет мөлшері 29323,81 (жиырма тоғыз мың үш жүз жиырма үш бүтін, жүзден сексен бір) теңгені құрайды.<*>
Ескерту: Шешімнің 39 тармағына өзгерістер енгізілді - Павлодар әкімиятының 2008 жылғы 31 шілдедегі N 949/18 қаулысымен.
41. Еңбек ардагерлеріне әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету. Осы қызмет түрі бір адамға төменгі еңбек ақысының бірден сегізінші бөлігі мөлшерінде еңбек ардагеріне беріледі.
42. Көру және оларды әлеуметтік бейімдеу бойынша мүгедектерді кәсіби даярлау және қайта даярлау икемді жүйесін ұйымдастыру жолымен көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету. Бір адамға қызмет көрсетудің орта айлық мөлшері 25000 (жиырма бес мың) теңгені құрайды.<*>
Ескерту: Шешімнің 6 бөлімі 42 тармағымен толықтырылды - Павлодар әкімиятының 2008 жылғы 31 шілдедегі N 949/18 қаулысымен.
7. Жеңілдікпен жол жүру саласында әлеуметтік көмек
43. Отбасының құрамын және табысын есептемегенде көмекке төмендегі санаттағы азаматтардың құқықтары бар: қол арбамен жүретін мүгедектер, тірек - қимыл аппаратының қызметі бұзылған 1 топтағы мүгедектер, қозғалуда қиындық көретін және еріп жүретін адамның көмегіне мұқтаж мүмкіндіктері шектеулі балалар. Көлік тасымалдауын, мүгедектерге арналған кресло - арбаларды жөндеу сияқты қызметтер көрсету.
44. Ленин кентіне, Кенжекөл ауылына, Мойылды кентіне және басқа саяжай серіктестігіне дейін Павлодар қаласындағы қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) бір рет жол жүруге 20 теңге төлей отырып азаматтардың мынадай санаттары: республикалық және облыстық маңыздағы зейнеткерлерге; Әскери мүгедектерге, соның ішінде Кеңестік Әскер мүгедектері, Ауғанстанда соғыс әрекеттеріне қатысушылар және мүгедектер; Чернобыль АЭС апаты салдарын жоюға қатысқан тұлғалар; 23 жасқа дейін күндізгі оқу орнында оқитын, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (толығымен мемлекет қамтамасыз ететіндерден басқа); 1 топтағы мүгедектер, соның ішінде көру бойынша 1 топтағы мүгедектерді алып жүретін тұлғалар; 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар және оларды алып жүретін тұлғаларға; Ауғанстандағы соғыс әрекеті кезінде қаза болған жауынгерлердің ата-аналарына; бейбітшілік уақытта әскери қызметін өтеп жүрген кезінде қаза, қайтыс болған әскери қызметкерлердің отбасылары; 18 жасқа дейін төрт және одан да көп балалары бар көп балалы аналар; 2 топтағы мүгедектер; "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Құрсаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған тұлғалар; жасы және қызмет істеген жылдары бойынша зейнеткерлер; Қазақстан Республикасының бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикасы Одағында, Ұлы Отан соғысы жылдары ерен еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін мемлекеттік белгілерімен марапатталған тұлғаларға; ҰОС жылдары концлагерлерде, гетто және басқа жерлерде еріксіз ұстауда болған тұтқын жасөспірімдер; басқа мемлекет аумағында соғыс әрекеттеріне қатысқан тұлғалар жеңілдікпен жол жүре алады.
Барлық жеке меншік нысандағы (таксиден басқа) қалалық қоғамдық көліктерде жоғарыда көрсетілген санаттағы азаматтар тегін немесе жеңілдікпен жол жүру үшін негіздеме тегін немесе жеңілдікпен жол жүруге құқығын растайтын куәліктің түпнұсқасы болып табылады.<*>
Шешімнің 43 тармағы жаңа редакцияда - Павлодар әкімиятының 2008 жылғы 27 мамырдағы N 641/13 қаулысымен.
45. Студенттік жасақтардағы жауынгерлердің жол жүрулері үшін біржолғы 1500 (бір мың бес жүз) теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсету іс-шараның орындалуына жауапты "Павлодар қаласы білім беру Бөлім" мемлекеттік мекемесімен төленеді. Төлем оқу орнының тізіміне немесе студенттік жасақтардың жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі жауапты органның тізіміне сәйкес жүргізіледі.
8. Отбасының жиынтық табысын есептеп шығару
46. Отбасының жиынтық табысына отбасы кұрамында жазылған барлық адамдардың табыстары қосылады.
47. Отбасының жиынтық табысын есептеген кезде, өткен тоқсанда берген өтінішіне қарай, өтініш жасаған алдындағы ақшалай және заттай түрде нақты алынған, тұрғын-үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектен басқа табыстардың барлығы ескеріледі.
48. Жиынтық табысты есептеу алған табыстары туралы өтініш беруші берген мәліметтер негізінде жүргізіледі.
49. Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік төлемақыға жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысы отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеп шығарылады.
50. Әлеуметтік төлемақы беруге арналған қаражат шығына есеп - есеп беру бөлімімен жүзеге асырылады.
51. Әлеуметтік төлем негізін көрсететін бастапқы құжаттар (белгіленген тізбеге сәйкес өтініш берушінің ұсынған өтініші, құжаттары) Бөлімде белгіленген заңнама мерзімінде сақталады.