Павлодар қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 424/10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімиятының 2008 жылғы 31 шілдедегі N 949/18 қаулысы. Павлодар облысы Павлодар қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 29 тамызда N 125 тіркелген. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы N 130/2 қаулысымен.

      Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы N 130/2 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының, 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджеттiк кодексiнің 92-бабы 8-тармақшасына сәйкес, 2008 жылға арналған Павлодар қаласы бюджетін нақтылау мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар қаласы әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 8 сәуірдегі "Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" № 424/10 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      3-тараудағы "Біржолғы әлеуметтік көмек":
      20-тармақ толықтырылсын:
      27)-тармақшамен мынадай мазмұнда: "әлеуметтік саладағы жұмыстарға жіберілген жас мамандарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсету мөлшері 300000,0 (үш жүз мың) теңге.
      Әлеуметтік көмек жіберілген мекенжайы бойынша жұмысқа орналастырылған және азаматтарды тіркеу кітабында тіркелген, облыстың денсаулық сақтау департаментіне әлеуметтік саладағы жұмыстарға жолдама алған, күндізгі оқу бөліміндегі жас түлектерге төленеді";
      21-тармақтағы "азаматтарды тіркеу кітабынан үзінді;" сөздерінен кейін мынадай мазмұндағы мәтінмен толықтырылсын "27)-тармақша үшін тиісті департаментпен берілген жұмысқа жолдама, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі";
      6-бөлімдегі "Павлодар қаласының тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік емес ұйымдар арқылы көрсетілетін әлеуметтік көмек":
      33-тармақтағы "942,1 (тоғыз жүз қырық екі бүтін оннан бір)" сомасы "1188,57 (бір мың жүз сексен сегіз бүтін, жүзден елу жеті)" сомасымен ауыстырылсын;
      34-тармақтағы "9100 (тоғыз мың жүз)" сомасы "9750 (тоғыз мың жеті жүз елу)" сомасымен ауыстырылсын;
      35-тармақтағы "1819,17 (бір мың сегіз жүз он тоғыз бүтін, жүзден он жеті)" сомасы "2108,89 (екі мың жүз сегіз бүтін жүзден сексен тоғыз)" сомасымен ауыстырылсын;
      36-тармақтағы "122,3 (жүз жиырма екі бүтін, оннан үш)" сомасы "162,37 (жүз алпыс екі бүтін, жүзден отыз жеті)" сомасымен ауыстырылсын;
      37-тармақтағы "1013,29 (бір мың он үш бүтін, жүзден жиырма тоғыз)" сомасы "1351,06 (бір мың үш жүз елу бір бүтін, жүзден алты)" сомасымен ауыстырылсын;
      38-тармақтағы "4385,4 (төрт мың үш жүз сексен бес бүтін, оннан төрт)" сомасы "5213,89 (бес мың екі жүз он үш бүтін, жүзден сексен тоғыз)" сомасымен ауыстырылсын;
      39-тармақтағы "4545,83 (төрт мың бес жүз қырық бес бүтін, жүзден сексен үш)" сомасы "5000 (бес мың)" сомасымен ауыстырылсын;
      40-тармақтағы "24361 (жиырма төрт мың үш жүз алпыс бір)" сомасы "29323,81 (жиырма тоғыз мың үш жүз жиырма үш бүтін, жүзден сексен бір)" сомасымен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы: "Көру және оларды әлеуметтік бейімдеу бойынша мүгедектерді кәсіби даярлау және қайта даярлау икемді жүйесін ұйымдастыру жолымен көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету. Бір адамға қызмет көрсетудің орта айлық мөлшері 25000 (жиырма бес мың) теңгені құрайды" (тармақтардың келесі нөмерлері 42-тармақтың қосылу есебімен өзгертілсін) 42-тармақпен қосылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б. Ә. Қапеновке жүктелсін.

      Павлодар қаласы әкiмiнің
      міндетін атқарушы                           А. Әбдіқалыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады