Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 08.07 N 3 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 1997 жылдың 7 мамырындағы " Азаматтық қорғаныс туралы" заңдарына және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі Төрағасының 2000 жылғы 23 маусымдағы N 140 бұйрығымен бекітілген, "Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Нұсқаулыққа" сәйкес Алматы қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
1. Алматы қаласы әкімінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі "Қалалық эвакуациялық комиссия, зардап шеккен тұрғындар жиналатын пункттер, Алматы қаласының өндірістік және әлеуметтік мақсаттағы нысандарындағы адамдар жиналатын эвакуациялық пункттер туралы" N 135 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 474, 2002 жылғы 25 қазанда "Вечерний Алматы" газетінде жарияланған, Алматы қаласы әкімінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы "Алматы қаласы әкімінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі "Қалалық эвакуациялық комиссия, зардап шеккен тұрғындар жиналатын пункттер, Алматы қаласының өндірістік және әлеуметтік мақсаттағы нысандарындағы адамдар жиналатын эвакуациялық пункттер туралы" N 135 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 08 шешімімен өзгеріс енгізілді, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген нөмірі N 696, "Вечерний Алматы" газетінің 2006 жылғы 7 наурыздағы N 45 санында жарияланған, Алматы қаласы әкімінің 2006 жылғы 4 желтоқсанындағы "Алматы қаласы әкімінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі "Қалалық эвакуациялық комиссия, зардап шеккен тұрғындар жиналатын пункттер, Алматы қаласының өндірістік және әлеуметтік мақсаттағы нысандарындағы адамдар жиналатын эвакуациялық пункттер туралы" N 135 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 75 шешімімен өзгеріс енгізілді, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген нөмірі N 725, "Вечерний Алматы" газетінің 2007 жылғы 18 қаңтарында N 11-13 санында, "Алматы Ақшамы" газетінің 2007 жылдың 18 қаңтарында N 7 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің кіріспесіндегі "1997 жылғы 15 мамырдағы" деген мерзімі "1997 жылғы 7 мамырдағы" деген мерзімімен ауыстырылсын;
аталған шешімнің 1 қосымшасына қалалық эвакуациялық комиссиясының құрамына:
Крылов Василий |
Алматы қаласы әкімінің орынбасары, қалалық эвакуациялық комиссиясының төрағасы |
Оспанов Ермек Сабырбекұлы |
Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры |
Ғалиев Әмір |
Алматы қаласы жолаушыларды тасымалдау және автомобиль жолдары департаментінің директоры |
енгізілсін;
аталған құрамнан А.С.Сманқұлов, Қ.Т.Сұлтанбеков, В.Н.Устюгов шығарылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары В.Л.Крыловқа жүктелсін.
3. Осы шешім он календарлық күннен кейін бірінші арнайы жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
Алматы қаласының әкімі И. Тасмағамбетов