"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабы 5-тармағына , Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-бабының 6) тармақшасына, 101-бабының 4 - тармағына, "Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1314 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 65 және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1314 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 344 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 29 қаңтардағы N 4/48-ІV (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген N 2474, "Дидар" газетінің 2008 жылғы 14 ақпандағы N 19 - 20, "Рудный Алтай" газетінің 2008 жылғы 16 ақпандағы N 25-26 сандарында жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
аталған 2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары шешіммен бекітілген, мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7 жолмен толықтырылсын:
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
"7 |
Заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластаушы заттардың шығарындылары |
шартты тонна |
|
39737,4"; |
ескертпеде:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ставкаларына:
энергия өндіруші ұйымдар;
табиғи монополия субъектілері үшін коммуналдық қызметтерді көрсеткен кезде түзілетін эмиссия көлемі үшін мынадай коэффициенттер енгізіледі:
1
0,3 коэффициенті;
2
0,43 коэффициенті;
3
0,25 коэффициенті;";
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) ескертпенің 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жеңілдетілген коэффициенттерді қолдану қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтен тыс көлемі үшін төлемдерге қолданылмайды.".
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2008 жылдың 18 сәуірінен бастап пайда болған қарым - қатынастарға таратылады.
Сессия төрағасы,
Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы В. АХАЕВ