2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкалары туралы

Күшін жойған

IV шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының IV кезектен тыс сессиясының 2008 жылғы 29 қаңтардағы N 4/48-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 08 ақпанда N 2474 тіркелді. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - ШҚО әділет департаменті 2009 жылғы 05 қаңтардағы N 0613-11 хатымен

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-бабының 6) тармақшасына, 101-бабының 4-тармағына, "Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабына , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабы 5-тармағына, "Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1314 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.

      2. Осы шешім оның ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қарым-қатынастарға таратылады.

      Сессия төрағасы

      Шығыс Қазақстан облыстық
      мәслихатының хатшысы

Шығыс Қазақстан 
облыстық мәслихатының
2008 жылғы 29 қаңтардағы
N 4/48-ІV шешіміне
қосымша      

2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкалары

N р/с№

Көрсеткіштер

Өлшем
бірлігі

Қалдықтардың қауіптілік
деңгейі

Төлемақы ставкасы, теңге

1

2

3

4

5


Ластаушы заттардың стационарлық көздерінен шығарындылары 1

шартты тонна


1690

2

Ластаушы заттардың қозғалмалы көздерден шығарындылары:

пайдаланылған отынның тоннасы
(бұдан әрі-тонна)



этиденбеген бензин үшін


578,5

дизель отыны үшін


917,2

сұйытылған, сығылған газ үшін


520

3

Ластаушы заттардың төгінділері:

шартты тонна



су көздеріне 2


22750

жинақтауыштарға, сүзу алаңдарына, жер бедеріне


13650

4

Коммуналдық (қатты тұрмыстық) қалдықтар 3

тонна


500,5

5

Өнеркәсіптік қалдықтар




өндіріс және тұтынудың қауіпті қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы орындарда орналастыру

   тонна

"қызыл" тізім

25025

"янтарь" тізім

12480

"жасыл" тізім

3120

жіктелмегендер

1625

Бұдан басқа:




аршынды жыныстар 4

    тонна


10,7

шлактар, шламдар, байыту қалдықтары 4

71,2

күл мен күлшлактары 4


998,4

ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары


332,8

6

Радиоактивті қалдықтар

  гигабеккерель



трансуранды қалдықтар


1339

альфа-радиоактивті қалдықтар


669,5

бета-радиоактивті
қалдықтар


67

шынақты радиоактивті көздер


669,5

7

Заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластаушы заттардың шығарындылары

шартты тонна


39737,4

      Ескерту. Таблицаға 7-ші жол толықтырылды - ШҚО мәслихатының 2008.07.01 N 7/97-IV Шешімімен.

      Ескертпе:
      1) ISO 14001:2004 халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған кәсіпорындары үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
      1 0,75 коэффициенті;
      4 0,75 коэффициенті;
      2) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ставкаларына:
      энергия өндіруші ұйымдар;
      табиғи монополия субъектілері үшін коммуналдық қызметтерді көрсеткен кезде түзілетін эмиссия көлемі үшін мынадай коэффициенттер енгізіледі:
        1 0,3 коэффициенті;
        2 0,43 коэффициенті;
      3 0,25 коэффициенті;
      3) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін халықтан құрылған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
      3 0,2 коэффициент;
      4) кәсіпорындар төлемінің ставкалары бір мезгілде ескертпенің 1) және 2) тармақшаларына жатқызылған жағдайда ескертпенің 2) тармақшасының коэффициенттерін қолданған жөн;
      5) ескертпенің 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жеңілдетілген коэффициенттерді қолдану қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтен тыс көлемі үшін төлемдерге қолданылмайды.
      Ескерту. Ескертпеге өзгеріс пен толықтырылу енгізілді - ШҚО мәслихатының 2008.07.01 N 7/97-IV Шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады