Көшелерді қайта атау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімдігінің 2008 жылғы 11 наурыздағы N 6202, Өскемен қалалық мәслихатының 2008 жылғы 17 сәуірдегі N 6/12 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2008 жылғы 13 мамырда N 5-1-84 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабының 4) және 5) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына сәйкес және Өскемен қалалық ономастикалық комиссиясының 2007 жылғы 6 және 13 желтоқсандағы қорытындылары негізінде Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ және Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қайта аталсын:
      Пролетар көшесі Қабанбай батыр есімімен;
      Қазақстан көшесі Михаил Иванович Чистяков есімімен;
      Ушанов көшесі Қазақстан көшесіне.
      2. "Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі қала бюджетін түзету кезінде көшелерді қайта атауға байланысты жұмыстарды жүргізуге қаражат қарастырсын.
      3. "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2008 жылғы 31 шілдеге дейін көшелерді қайта атау бойынша жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласы әкімінің міндетін атқарушы
      Сессия төрағасы
      Қалалық мәслихат хатшысы

О переименовании улиц

Постановление акимата города Усть-Каменогорска от 11 марта 2008 года N 6202, решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 17 апреля 2008 года N 6/12. Зарегистрировано Управлением юстиции города Усть-Каменогорска 13 мая 2008 года за N 5-1-84

      В соответствии с подпунктами 4) и 5) статьи 13 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", подпунктом 4) пункта 1 статьи 6 , пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" и на основании заключений Усть-Каменогорской городской ономастической комиссии от 6 и 13 декабря 2007 года Усть-Каменогорский городской маслихат РЕШИЛ и акимат города Усть-Каменогорска ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Переименовать:
      улицу Пролетарскую в улицу имени Кабанбай батыра;
      улицу Казахстанскую в улицу имени Михаила Ивановича Чистякова;
      улицу Ушанова в улицу Казахстан.

      2. Государственному учреждению "Отдел экономики и бюджетного планирования города Усть-Каменогорска" при корректировке бюджета города предусмотреть средства на выполнение работ, связанных с переименованием улиц.

      3. Государственному учреждению "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Усть-Каменогорска" обеспечить выполнение работ по переименованию улиц до 31 июля 2008 года.
      4. Настоящие решение и постановление вводятся в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.


Председатель сессии
 

Исполняющий обязанности акима города Усть-Каменогорска
 


Секретарь городского маслихата