1. Қайта аталсын:
Пролетар көшесі Қабанбай батыр есімімен;
Қазақстан көшесі Михаил Иванович Чистяков есімімен;
Ушанов көшесі Қазақстан көшесіне.
2. "Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі қала бюджетін түзету кезінде көшелерді қайта атауға байланысты жұмыстарды жүргізуге қаражат қарастырсын.
3. "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2008 жылғы 31 шілдеге дейін көшелерді қайта атау бойынша жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласы әкімінің міндетін атқарушы |
Сессия төрағасы |
Қалалық мәслихат хатшысы |