Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Өскемен қалалық мәслихатының 2010.07.23 N 26/4 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына , "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" 2006 жылғы 15 маусымдағы N 553 қаулысына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының " Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже " 2005 жылғы 3 наурыздағы N 12/4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2223 нөмірімен тіркелген, 2005 жылғы 26 наурыздағы "Дидар" газетінің N 30-31, 2005 жылғы 19 наурыздағы "Рудный Алтай" газетінің N 42-43 сандарында жарияланған); "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже" 2005 жылғы 3 наурыздағы N 12/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 21 маусымдағы N 34/3 шешімімен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-63 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 26 шілдедегі "Дидар" газетінің N 88-89, 2007 жылғы 28 шілдедегі "Рудный Алтай" газетінің N 113 сандарында жарияланған); "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже" 2005 жылғы 3 наурыздағы N 12/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 29 қарашадағы N 3/5 шешімімен(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-73 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 29 желтоқсандағы "Дидар" газетінің N 158-159, 2007 жылғы 22 желтоқсандағы "Рудный Алтай" газетінің N 190-191 сандарында жарияланған), "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже" 2005 жылғы 3 наурыздағы N 12/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 17 сәуірдегі N 6/9 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-83 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 15 мамырдағы "Дидар" газетінің N 63, 2008 жылғы 15 мамырдағы "Рудный Алтай" газетінің N 72 сандарында жарияланған) шешімімен енгізілген өзгерістерімен келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
18 тармақтағы:
3 тармақшаның екінші абзацындағы "жеке меншік шаруашылықтары бар екендігі жайлы мәліметтер (жылына бір рет немесе өзгерістер болғанда)" сөздері алынып тасталсын;
18.1 тармақтағы:
1) тармақша алынып тасталсын;
3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"3) кондоминиум объектісін басқару органы мен жөндеу жұмыстарын жүргізуші ұйым арасында жасалған кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне күрделі жөндеу жүргізу шарты (көшірме)";
4) тармақша "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ өкілімен расталған" сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
қалалық мәслихаттың хатшысы Е. Нәбиев