"Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ереже" 2005 жылғы 3 наурыздағы N 12/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 маусымдағы N 34/3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2007 жылғы 13 шілдеде N 5-1-63 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Өскемен қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 шілдедегі N 26/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Өскемен қалалық мәслихатының 2010.07.23 N 26/4 шешімімен.

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына , "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты  ШЕШТІ: 

      1. Өскемен қалалық мәслихатының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ереже" 2005 жылғы 3 наурыздағы N 12/4 (тіркеу нөмірі - 2223, "Рудный Алтай" газетінің 2005 жылғы 19 наурыздағы N 42-43, "Дидар" газетінің 2005 жылғы 26 наурыздағы N 30-31 сандарында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:

      4 тармақтағы "және қалалық телекоммуникация жүйесіне қосылған телефонға абоненттік төлемнің артуы саласындағы байланыс қызметі" сөзі алынсын;

      6 тармақ алынсын; 

      18 тармақтағы "отбасы құрамы туралы анықтама немесе тұрғындарды тіркеу кітабы (тұрғын үй кітабы)" сөзін "азаматтарды тіркеу кітабы" сөзімен ауыстырылсын;

      26 тармақ келесі мағанадағы азатжолмен толықтырылсын: 
      "Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде келесі әлеуметтік нормалар қолданылсын:
      1) алаңдар:
      жалғыз тұратын азаматтар үшін - 35 шаршы метр;
      2 адамнан тұратын отбасы үшін - 45 шаршы метр;
      3 адамнан тұратын отбасы үшін - 55 шаршы метр;
      4 және одан артық адамдардан тұратын отбасы үшін - әрқайсысына 15 шаршы метр, бірақ 90 шаршы метрден артық емес;
      2) тұрғын үйді ұстау шығындары 1 шаршы метрге 10 теңге;
      3) газды шығындау нормасы айына 1 адамға - 6,5 кг.;
      4) электр қуатын тұтыну нормасы:
      1 адам тұрса - 84 кВт;
      2 адам тұрса - 125 кВт;
      3 және одан артық адам тұрса - әрқайсысына 50 кВт-тан, бірақ 300 кВт-тан артық емес;
      сондықтан тамақ даярлау үшін электр қуаты шығынының нормасы электроплиталар бар болған жағдайда газды шығындау мөлшерінің құнына теңбе тең.
      Тұтыну нормативтері және олардың сумен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, канал жүргізу, қоқысты шығару, лифтіге қызмет көрсету және үйді ұстау бойынша тарифтері қызмет берушілермен ұсынылады";

      28 тармақ "табыстың барлық түрлері" сөздерінен кейін "отбасы мүшелерінің өтініш беру кезіне".

      2. Осы шешім 2007 жылдың 29 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

         Сессия төрағасы
 
        Қалалық мәслихаттың хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады