"Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже" 2005 жылғы 3 наурыздағы N 12/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2008 жылғы 17 сәуірдегі N 6/9 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2008 жылғы 5 мамырда N 5-1-83 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Өскемен қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 шілдедегі N 26/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Өскемен қалалық мәслихатының 2010.07.23 N 26/4 шешімімен.

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949, "Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" 2006 жылғы 15 маусымдағы N 553 қаулыларына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Өскемен қалалық мәслихатының "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже" 2005 жылғы 3 наурыздағы N 12/4 (нормативтік құқықтық  актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2223 нөмірімен тіркелген, 2005 жылғы 26 наурыздағы "Дидар" газетінің N 30-31, 2005 жылғы 19 наурыздағы "Рудный Алтай" газетінің N 42-43 сандарында жарияланған) "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже" 2005 жылғы 3 наурыздағы N 12/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 21 маусымдағы N 34/3 шешіміне енгізілген өзгерістермен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-63 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 26 шілдедегі "Дидар" газетінің N 88-89, 2007 жылғы 28 шілдедегі "Рудный Алтай" газетінің N 113 сандарында жарияланған), "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже" 2005 жылғы 3 наурыздағы N 12/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 29 қарашадағы N 3/5 (нормативтік құқықтық  актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-73 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 29 желтоқсандағы "Дидар" газетінің N 158-159, 2007 жылғы 22 желтоқсандағы "Рудный Алтай" газетінің N 190-191 сандарында жарияланған) шешіміне қосымшаға сәйкес келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейінгі 10 күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                     К. Липпер

      Қалалық мәслихаттың хатшысы         Е. Нәбиев

Қалалық мәслихаттың
2008 жылғы 17 сәуірдегі
N 6/9 шешіміне
қосымша

Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй
көмегін көрсету тәртібі туралы ереже

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: "Тұрмысы төмен отбасыларға үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді қолдануға көмек көрсетіледі (бұдан әрі - тұрғын үй көмегі). Осы Ереженің 4 тармағына сай тұрғын үй көмегін алуға құқылы отбасылар қалалық телекоммуникация желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы және кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге тұрғын үй көмегін алуға құқылы.";

      5 тармақтағы 10 саны 7 санымен ауыстырылсын;  

      6.1. тармақ алынып тасталсын;

      8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: "Келесі отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқылары жоқ:
      1) жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйін жалға бергендер;
      2) жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органда тіркелмегендер, келесі тұлғаларды қоспағанда:
      елу жасқа толған тұлғалар;
      бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, он алты жасқа дейінгі мүгедек баланы (медициналық-әлеуметтік сараптау анықтамасын ұсынған жағдайда), он сегіз жастан асқан тұлғаларды (медициналық ұйымның дәрігерлік-кеңестік комиссияның қорытындысын ұсынған жағдайда) күтумен шұғылданатын тұлғалар;
      туберкулез, онкологиялық диспансерлерде есепте тұрған, мүгедектік тобы бар тұлғалар (емдеу мекемесінен анықтама ұсынған жағдайда);
      жеті жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен, сонымен қатар төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балаларды тәрбиелеумен шұғылданатын аналар;
      жүктілік мерзімі сегіз аптадан кем емес әйелдер (емдеу мекемесінен анықтама ұсынған жағдайда);
      3) құрамында заңды некеде тұрған тұлғалары бар, жұбайының тұрғылықты мекен-жайын білмейтін (көрсетпейтін) және осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына өтініш жасамаған.";

      9 тармақ алынып тасталсын;

      13 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: "Егер тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну тарифтері заңнамада белгіленген тәртіпте анықталмаған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындау тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен келісілген және тұрғын үй иелерінің жалпы жиналысында бекітілген тарифтер бойынша жүргізіледі. Коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеу құралдары бар тұтынушылар үшін есептеуге алынатын шығындар тұрғын үй ауданы нормасы шегінде жылуды шығындауды ескере отырып алдыңғы тоқсанға нақты шығындар бойынша анықталады немесе есептеу құралдарының көрсеткіштерінің негізінде қызметтер толық көлемде көрсетілген, соңғы тоқсанға, бірақ коммуналдық қызметтердің белгіленген тұтыну нормативтерінен артық емес. Сәуір айында есептелінетін шығындар, сәуір айының түбіртегіне сәйкес нақты шығындар бойынша алынады.";

      14 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: "Құрамында зейнеткерлер, мүгедектер, мүгедек балалар, толық жетімдер, қорғаншылықтағы, төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларды қолдау мақсатында тұрғын үй көмегін есептегенде және құқығын анықтағанда кіріс Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен уақыттың сәйкес кезеңіне белгіленген екі айлық есептік көрсеткішке өзгертіледі (есептеледі).";

      17 тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

      18.1. тармақ қосылсын "Кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне толық жөндеу жұмыстарын жүргізуге тұрғын үй көмегін алуға құқылы отбасылар, осы Ереженің 18 тармағында қарастырылған, құжаттардан басқа, анықталған үлгідегі өтініш келесі құжаттармен қосымша тапсырылады:
      1) кондоминиумнің  ортақ мүліктеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге нысаналы алымдар төлеудің түбіртіктері;
      2) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге нысаналы алымдар мөлшерін анықтайтын пәтер иелерінің жалпы жиналысының шешімінен үзінді (көшірме);
      3) тұрғын үй иесі, кондоминиум және жөндеу жұмыстарын жүргізуші ұйым арасындағы кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне күрделі жөндеу жұмыстарын орындауға жасалған шарт (көшірме);
      4) кондоминиумнің ортақ мүліктеріне күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілгендігі туралы  қабылдау-тапсыру актісі  (көшірмесі).
      Кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне толық жөндеу жұмыстарына тұрғын үй көмегі жалпы жиналыста осы мақсатқа белгіленген шығындардың 100 пайызы мөлшерінде жүргізіледі."

      21 тармақтағы жаңа редакцияда жазылсын: "Электрмен, газбен қамтамасыз етуге, тұрғын үйді ұстауға және лифттерге қызмет көрсету шығындары өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсандағы түбіртектер, газға анықтамалардағы орташа көрсеткіш бойынша алынады. Жылумен, сумен қамтамасыз ету, канализация, қоқыс шығару, байланыс қызметтері бойынша шығындар қызмет көрсетушілер тарифі бойынша коммуналдық қызметтер ақысы толық төленгенде және есептеуіш құралдар бар болғанда және қызмет көрсетушілер коммуналдық қызметтерді қайта есептегенде төлеу дерегі бойынша алынады.";

      22 тармақ келесі сөйлеммен толықтырылсын: "Толық емес айға тұрғын үй көмегін алуға құқық туындаған жағдайда, тұрғын үй көмегі құқық туындаған айдан кейінгі айдан бастап тағайындалады.";

      26 тармақтағы (15 %) саны (7 %) санымен ауыстырылсын;

      26 тармақтағы 2) тармақшадағы 12 саны 20 санымен ауыстырылсын;

      28 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: "Отбасының кіріс жиынтығын есептеген кезде отбасы мүшелерінің өтініш тапсырған уақыттағы кірістерінің барлық түрлері ескеріледі, төмендегілерден басқа:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      2) ай сайынғы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы;
      3) тұрғын үй көмегі;
      4) жерлеуге біржолғы жәрдемақы;
      5) баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
      6) ең төменгі есептік көрсеткіштің он есе мөлшерінен аспайтын мөлшердегі жергілікті атқарушы органдармен төленетін біржолғы материалдық көмек;
      7) белгіленген ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен сомада есеп беру кезеңінде көрсетілген ақшалай және табиғи түрдегі қайырымдылық көмек (құн бағасында);
      8) өз ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға материалдық көмек;
      9) отбасына төтенше жағдайлар салдарынан оның денсаулығына және мүлкіне келтірілген зардаптардың орынын толтыру мақсатында көрсетілген көмек;
      10) отбасының бір мүшесінің осы отбасында тұрмайтын тұлғаға төлейтін алименті;
      11) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес көрсетілген көмектің келесі түрдегі табиғи түрлеріне:
      дәрі-дәрмек препараттар;
      санаторлық-курорттық емделу;
      протездік-ортопедиялық өнімдер (жасау және жөндеу);
      жүріп тұру құралдары (кресло-арбалар) және мүгедектерге бөлінген басқа оңалту құралдары;
      білім беру туралы заңнамаға сәйкес білім беру мекемелерінде көрсетілетін тегін тамақтану және  көмек.
      12) халықтың көші-қон мәселелері бойынша заңнамалық актілермен қарастырылған құралдар, оралмандарға:
      тұрғылықты мекен-жайына бару және мүліктерін тасымалдау бойынша шығындардың орынын толтыру (соның ішінде малдың);
      көшіп келген жерінен тұрғын үй сатып алуға және біржолғы жәрдемақы төлеуге.";

      29 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: "Құрамында жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының күндізгі бөлімінде шарттық негізде оқитын студенттері бар отбасыларға тұрғын үй көмегін есептегенде отбасының кіріс жиынтығы ай сайынғы оқуға төленетін ақы мөлшерінен төмен болмауы тиіс.";

      30, 31 тармақтар алынып тасталсын;

      32 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: "жұмыс істемейді және алимент төлеу бойынша қарыздары бар (сот орындаушысынан анықтама ұсынған жағдайда) немесе оның мекен-жайы белгісіз болғанда (іздеу салынғаны туралы анықтама ұсынған жағдайда);";

      45 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: "Кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмекті қоса алғанда тұрғын үй көмегі бюджет қаржысы есебінен көрсетіледі.";

      46 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: "Кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктерін толық жөндеуге көмекті қоса алғанда тұрғын үй көмегін төлеу, екінші дәрежелі банктер арқылы жүзеге асырылады, "Қазпошта" акционерлік қоғамы, алушының жеке шотына аудару жолымен.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады