Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42-бабының 1-тармағының, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 30-бабының 1-тармағының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағының негізінде, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін қолдану үшін объектілер және қоғамдық жұмыс түрлерінің тізімі бекітілсін.
2. Төмендегі қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
1) 2006 жылғы 9 наурыздағы N 2568 "Жазалау түрінде қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін қолдану үшін объектілер туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-33 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 8 сәуірдегі "Дидар", 2006 жылғы 4 сәуірдегі "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған;
2) 2007 жылғы 29 наурыздағы N 27 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 наурыздағы N 2568 "Жазалау түрінде қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін қолдану үшін объектілер туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-58 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 28 сәуірдегі "Дидар", 2007 жылғы 3 мамырдағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған.
3. Осы қаулы қолданысқа алғашқы ресми жарияланған күннен кейін енгізіледі.
Өскемен қаласы әкімінің | |
міндетін атқарушы | А. Каширин |
Келісілді: | |
Шығыс Қазақстан облысы бойынша | |
қылмыстық-атқару жүйесі Комитеті | |
басқармасы бастығының міндетін | |
атқарушы, әділет полковнигі | Т. Белгиубаев |
Өскемен қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 24 шілдедегі N 9842 қаулысымен бекітілген |
Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін қолдану
үшін объектілер және қоғамдық жұмыс түрлерінің тізімі
N р/р | Қоғамдық жұмыстар объектілері | Қоғамдық жұмыс түрлері |
1 | 2 | 3 |
1 | Өскемен қаласы әкімдігінің "Өскемен көп салалы кәсіпорны" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын қайта атау және Жарғысына өзгерістер енгізу туралы | аумақты тазалау және көркейту |
2 | "Өскемен Водоканал" мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | аумақты тазалау және көркейту |
Өскемен қаласы әкімі | |
аппаратының басшысы | М. Сайдуақасова |