Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерiн белгiлеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 02 желтоқсандағы № 14188 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық әділет басқармасында 2011 жылғы 23 желтоқсанда № 5-1-173 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 8853 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 22.12.2014 № 8853 қаулысымен (01.01.2015 бастап күшіне енеді).
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық кодексiнiң 42-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 30-бабының 1-тармағына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерi белгiленсiн: қала аумақтарын көрiктендiру және жинау.
      2. "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" мемлекеттік мекемесімен келiсу бойынша қоғамдық жұмысқа тарту түрiнде жазаны өтеуге арналған объектiлердiң тізімдерін соттарға тоқсан сайын ұсынсын.
      3. 2008 жылғы 24 шiлдедегi № 9842 "Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегiн қолдану үшiн объектiлер және қоғамдық жұмыс түрлерi туралы" әкімдік қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары А.Қ. Нұрғазиевқе жүктелсiн.
      Өскемен қаласының әкімі И. Әбішев
      Келiсiлдi:
      "Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрлігінің
      Қылмыстық-атқару жүйесі
      комитетінің Шығыс Қазақстан
      облысы бойынша Қылмыстық-атқару
      жүйесі департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы Т. Белгеубаев

      2011 жылғы 02 желтоқсан
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады