Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін қолдану үшін объектілер және қоғамдық жұмыс түрлері туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 24 шілдедегі № 9842 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2008 жылғы 12 тамызда № 5-1-89 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 02 желтоқсандағы N 14188 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің 2011.12.02 № 14188 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42-бабының 1-тармағының, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 30-бабының 1-тармағының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағының негізінде, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін қолдану үшін объектілер және қоғамдық жұмыс түрлерінің тізімі бекітілсін.
      2. Төмендегі қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
      1) 2006 жылғы 9 наурыздағы N 2568 "Жазалау түрінде қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін қолдану үшін объектілер туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-33 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 8 сәуірдегі "Дидар", 2006 жылғы 4 сәуірдегі "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған;
      2) 2007 жылғы 29 наурыздағы N 27 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 наурыздағы N 2568 "Жазалау түрінде қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін қолдану үшін объектілер туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-58 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 28 сәуірдегі "Дидар", 2007 жылғы 3 мамырдағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған.
      3. Осы қаулы қолданысқа алғашқы ресми жарияланған күннен кейін енгізіледі.
      Өскемен қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы А. Каширин
      Келісілді:
      Шығыс Қазақстан облысы бойынша
      қылмыстық-атқару жүйесі Комитеті
      басқармасы бастығының міндетін
      атқарушы, әділет полковнигі Т. Белгиубаев

      

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 24 шілдедегі
N 9842 қаулысымен
бекітілген

Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін қолдану
үшін объектілер және қоғамдық жұмыс түрлерінің тізімі

N р/р

Қоғамдық жұмыстар

объектілері

Қоғамдық жұмыс

түрлері

1

2

3

1
Өскемен қаласы әкімдігінің "Өскемен көп салалы кәсіпорны" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын қайта атау және Жарғысына өзгерістер енгізу туралы
аумақты тазалау және көркейту
2
"Өскемен Водоканал" мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
аумақты тазалау және көркейту

      Өскемен қаласы әкімі
      аппаратының басшысы М. Сайдуақасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады