Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2012.06.28 N 1606 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, 2 тармағына Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16 бабына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша Нұсқаулық бекітілсін.
2. 2003 жылғы 13 наурыздағы № 336 "Өскемен қаласының өте мұқтажды және аз қамсыздандырылған азаматтарына бiр жолғы материалдық көмек бөлу және төлеу тәртiбi туралы Қағиданы бекiту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1200 нөмірімен тіркелген, 2003 жылғы 26 сәуірдегі № 39 "Дидар", 2003 жылғы 26 сәуірдегі № 62-63 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі Т. Қасымжанов
Өскемен қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2940 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік көмек тағайындау бойынша
Нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық халықты әлеуметтік қорғау саласында Өскемен қаласы аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, ықтияр хаты бар шет ел азаматтарына, азаматтығы жоқ тұлғаларға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жүргізу мәселелері бойынша заңнаманы қолдануды нақтылайды.
2. Әлеуметтік көмекті көрсету:
1) біржолғы материалдық көмек;
2) үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек;
3) "Өскемен қаласының Құрметті азаматы" атағына ие азаматтарға материалдық көмек;
4) мерзімдік баспалардың басылымдарына жеңілдікпен жазу;
5) азаматтардың жеке санаттарына қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруге өтемақы беру жолымен жүзеге асырылады.
3. Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Бөлім) жүзеге асырылады.
4. Өтініш иесі ұсынған мәліметтердің растығына толық жауапкершілікте.
5. Әлеуметтік көмекті аудару шығындардың экономикалық топтамасына сәйкес жүргізіледі.
6. Әлеуметтік көмек төлеу "Қазпочта" акционерлік қоғамы бөлімдері арқылы өтініш иесі көрсеткен мекенжайға жеткізу арқылы жүзеге асырылады.
2. Біржолғы материалдық көмек
7. Бiржолғы материалдық көмек аз қамтылған зейнеткерлерге, асырауында кәмелеттiк жасқа толмаған балалары бар отбасыларға, мүгедектерге, жұмыссыздарға, сонымен қатар, отбасы табиғи апат, өрт, бақытсыз жағдай, аурудың ауыр түрлерiне шалдығу нәтижесінде ауыр материалдық жағдайға душар болған азаматтарға жылына тек қана бiр рет көрсетiледi.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Өскемен қаласы әкімдігінің 2012.01.23 N 14759 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
8. Біржолғы материалдық көмек:
1) көмек көрсету туралы өтініш;
2) жеке басын растайтын құжаты;
3) салық төлеушінің тіркеу нөмірін;
4) тіркелімін растайтын құжатты;
5) кірісін растайтын құжаттарды;
6) азамат материалдық көмекке мұқтаж екендігін растайтын басқа құжаттарды тапсырған кезде бөлінеді. Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, одан кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылып беріледі.
9. Әр бір келіп түскен өтініш бойынша Бөлім мамандарымен көмек сұрап өтініш жазған азаматтың тұрғылықты мекенжайына бару арқылы отбасының әлеуметтік картасы толтырылады.
10. Біржолғы материалдық көмек қоғамдық үйымдардың, Соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің, Өскемен қаласы әкімдігінің "Істер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын филиалдарының ұсынымы бойынша аз қамтылған азаматтарға, сонымен қатар мерекелік күндерге: кірісін растаусыз Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне Жеңіс күніне (9 мамыр), Халықаралық Қарт адамдар Күніне (1 қазан) материалдық көмекке мұқтаж зейнеткерлерге, мүгедектерге, жалғыз басты қарт азаматтарға көрсетілуі мүмкін.
11. Төленетін материалдық көмек мөлшері әр бір келіп түскен өтініш немесе ұсыным бойынша, сонымен қатар мерекелік күндерге, аса мұқтаж және аз қамтылған азаматтарға біржолғы материалдық көмек бөлу және төлеу бойынша комиссиямен анықталады.
12. Көмек алуға өтініш жасаған азамат өтініште көрсеткен мекенжай бойынша жоқ болып шыққан жағдайда (он күннен артық) комиссия өтінішті қайта өтініш жасағанда қосымша қарау туралы шешім қабылдауға құқылы.
3. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын
мүгедек балаларға материалдық көмек
13. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды (бұдан әрі – материалдық қамсыздандыру) тағайындау және төлеу Бөлімге Өскемен қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 21 ақпандағы № 5757 "Өскемен қаласының жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетудің "Үйлерінде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу" Стандартының 12 тармағында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-1-81 тіркелген) көрсетілген құжаттарды тапсырғанда беріледі.
14. Материалдық қамсыздандыру отбасы кірісінен тыс өтініш жасаған айдан бастап психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес берген мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және/немесе оқыту қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетілген мерзімге тағайындалады.
15. Материалдық қамсыздандыруды алушылар Бөлімді материалдық көмек алу құқығына әсер ететін барлық өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.
16. Ай сайынғы материалдық қамсыздандыру мөлшері сәйкес қаржы жылына Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңымен бекітілген ең төменгі күнкөріс мөлшерін құрайды.
17. Материалдық қамсыздандыруды тағайындау туралы өтініш барлық қажетті құжаттармен бірге алушының жеке ісінде сақталады.
4. "Өскемен қаласының Құрметті азаматы"
атағы бар азаматтарға материалдық көмек
18. "Өскемен қаласының құрметті азаматы" атағы бар азаматтарға материалдық көмек Өскемен қалалық мәслихаты ұсынған тізім бойынша жылына бір рет көрсетіледі.
19. Құрметті азаматтарға төленетін материалдық көмек мөлшері 2 айлық есептік көрсеткішті құрайды және отбасының кірісінен тыс тағайындалады.
5. Мерзімдік баспалардың облыстық
басылымдарына жеңілдікпен жазылу
20. Мерзімдік баспалардың облыстық басылымдарына ("Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Дидар", "Рудный Алтай", "Қала мен дала", "Страна и мир") жеңілдікпен жазылу мүгедектердің қоғамдық ұйымдары мен ардагерлер және ақсақалдар кеңесінің ұсынымы бойынша соғысқа қатысушылар мен мүгедектеріне, қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына, тыл еңбеккерлеріне және мүгедектерге (бұдан әрі – Алушылар) жүргізіледі.
21. Жеңілдікпен жазылу жылына 2 рет: 1 және 2 жартыжылдықтарға Бөлімнің "Қазпочта" акционерлік қоғамына тапсырған тізімі және толтырылған тапсырыс бланкісінің негізінде жүргізіледі.
22. Бөлім тапсырысқа сай "Қазпочта" акционерлік қоғамының есебіне ақшалай қаржы аудару жүргізеді.
Өскемен қаласы әкімі
аппаратының басшысы А. Бақтиярова