Әкімдіктің 2008 жылғы 15 желтоқсандағы № 2940 "Әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу бойынша Нұсқаулықты бекiту туралы" қаулысына өзгерту енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы N 14759 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық әділет басқармасында 2012 жылғы 14 ақпанда № 5-1-180 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 28 маусымдағы N 1606 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2012.06.28 N 1606 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 18-бабының 7-тармағына, 19-бабының 3-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2011 жылғы 27 тамыздағы шешімін орындауда Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің 2008 жылғы 15 желтоқсандағы № 2940 «Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» қаулысына келесі өзгерту енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша Нұсқаулықтың 7-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      «7. Бiржолғы материалдық көмек аз қамтылған зейнеткерлерге, асырауында кәмелеттiк жасқа толмаған балалары бар отбасыларға, мүгедектерге, жұмыссыздарға, сонымен қатар, отбасы табиғи апат, өрт, бақытсыз жағдай, аурудың ауыр түрлерiне шалдығу нәтижесінде ауыр материалдық жағдайға душар болған азаматтарға жылына тек қана бiр рет көрсетiледi.».
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi


      Өскемен қаласының әкімі                    И. Әбішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады