Өскемен қаласының өте мұқтажды және аз қамсыздандырылған азаматтарына бiр жолғы материалдық көмек бөлу және төлеу тәртiбi туралы Қағиданы бекiту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімдігінің 2003 жылғы 13 наурыздағы N 336 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 9 сәуірде N 1200 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 15 желтоқсандағы N 2940 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 15.12.2008 N 2940 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабының 14 тармақшасы негiзiнде дайындалған қаулысы Өскемен қалалық мәслихаттың 2003 жылғы 16 қаңтарындағы N 20/2 "2003 жылға қалалық бюджетi туралы" шешiмiне сәйкес" Өскемен қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Өскемен қаласының өте мұқтажды және аз қамсыздандырылған азаматтарына бiр жолғы материалдық көмек бөлу және төлеу туралы Қағида бекiтiлсiн (1 қосымша).
      2. Өскемен қаласының өте мұқтажды және аз қамсыздандырылған азаматтарына бiр жолғы материалдық көмек бөлу және төлеу бойынша комиссия құрылсын.
      3. Халықты әлеуметтiк қорғау қалалық басқармасының бастығы (А.Я. Пенькова) 10 күн мерзiмi iшiнде Өскемен қалалық мәслихатында бекiтуге ұсыну үшiн қала әкiмiне белгiленген заңдар жиынтығындағы тәртiппен комиссияның жеке құрамының тiзiмiн дайындасын.
      4. Тiзiмге сәйкес, нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп танылсын (2 қосымша).
      5. Қаулының орындалуына бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Е.А. Байбатчинге жүктелсiн.
 
 

      Өскемен қаласының әкiмi


Қала әкiмдiгiнiң
2003 ж. 13 наурыздағы
N 336 қаулысына 1 қосымша
Қала әкiмдiгiнiң
2003 ж. 13 наурызда
N 336 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН

Өскемен қаласының өте мұқтажды және аз қамсыздандырылған азаматтарына бiр жолғы материалдық көмектi бөлу және төлеу тәртiбi туралы ҚАҒИДА

1. Жалпы қағидалар

      1. Бiр жолғы материалдық көмек Өскемен қаласының өте мұқтажды және аз қамсыздандырылған азаматтарына бiр адамға жылына бiр рет көрсетiледi.
      2. Бiр жолғы материалдық көмектi алуға Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ Өскемен қаласында тұрақты (тiркелген) тұлғалардың құқығы бар.
      3. Бiр жолғы материалдық көмек халықты әлеуметтiк қорғау қалалық басқармасымен қалалық бюджет қаржысынан төленедi.
 

2. Бiр жолғы материалдық көмектi бөлу және төлеу тәртiбi

      4. Бiр жолғы материалдық көмек өте мұқтажды жалғыз тұратын аз қамсыздандырылған зейнеткерлер мен отбасыларға, кәмелеттiк жасқа толмаған балалары барларға, мүгедектерге, жұмыссыздарға, сондай-ақ апат салдарынан ауыр материалдық жағдайдағы, аурудың өте ауыр түрiне шалдыққан, келеңсiз жағдайға душар болған және басқа себептi ауыр материалдық жағдайдағы жанұяларға берiледi.
      5. Материалдық көмек қаланың аз қамсыздандырылған азаматтарына және зейнеткерлерiне қоғамдық ұйымдардың, еңбек және соғыс ардагерлерi кеңесiнiң, жергiлiктi өзiн-өзi басқаратын органдардың ұсынуымен берiлуi мүмкiн.
      6. Бiр жолғы материалдық көмек төмендегi құжаттарды жинап ұсынған уақытта берiледi:
      1) көмек көрсету туралы өтiнiш;
      2) төлқұжат немесе жеке басының куәлiгi;
      3) ТСН;
      4) азаматтың материалдық көмекке мұқтаж болуын растайтын басқа да құжаттар.
      7. Әр түскен өтiнiш бойынша жергiлiктi өзiн-өзi басқаратын жергiлiктi органдардың қызметкерлерiн қатыстыра отырып өтiнiш жасаған азаматтың тұратын жерiне барып жанұяның әлеуметтiк картасы толтырылады.
      8. Төленетiн материалдық көмектiң мөлшерi әр нақты жағдайда қалалық мәслихат сессиясының шешiмiмен бекiтiлген комиссиямен анықталады. Комиссияның материалдық көмек төлеуден бас тартуға құқы бар.
      9. Көмек сұрап өтiнiш жазған азамат өтiнiште көрсетiлген мекен жайдан (1 айдан астам) көп уақыт табылмаса комиссия ол азамат қайта өтiнiш жасаған кезде, өтiнiш қосымша қаралады деп шешiм қабылдауға құқы бар.
      10. Шұғыл жағдайларды ашып айтқанда әр түрлi меншiктегi мекемелер мен кәсiпорындардан және жеке тұлғалардан қайырымдылық көмек және қайырмалдық ретiнде түскен киiлген киiмдермен және азық түлiктермен жедел әлеуметтiк көмек жасау құқы халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына берiледi.
      11. Бiр жолғы материалдық көмек өтiнiш берушiмен көрсетiлген мекен жай бойынша халықты әлеуметтiк қорғау басқармасымен қызмет беру туралы шарт бекiткен ұйыммен жүзеге асырылады.
 

3. Жауапкершiлiк және бақылау

      12. Өте мұқтажды және аз қамсыздандырылған азаматтарға материалдық көмектi бөлу және төлеу жауапкершiлiгi толығымен комиссияға жүктеледi.
      13. Аз қамсыздандырылған азаматтарға бiр жолғы көмек жергiлiктi бюджет қаржысынан бөлiнген қаржыны белгiлi бiр мақсатқа қолдануына бақылау қаланың қаржы бөлiмiмен жүзеге асырылады.
 
 

      Өскемен қаласы әкiмi
аппаратының жетекшiсi


Қала әкiмдiгiнiң
2003 ж. 13 наурыздағы
N 336 қаулысына 2 қосымша
Қала әкiмдiгiнiң
2003 ж. 13 наурызда
N 336 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН

Күшi жойылған нормативтiк актiлер ТIЗБЕСI

      1. 2002 жылдың 12 наурызындағы N 282 "Өскемен қаласының өте мұқтажды аз қамсыздандырылған азаматтарына бiржолғы материалдық көмек бөлу және төлеу тәртiбi туралы" қала әкiмдiгiнiң Қаулысы (N 709, 2002 жылдың 12 наурызында "Дидар" және 2002 жылдың 12 наурызында "Рудный Алтай" газеттерiнде жарияланған).
      2. 2002 жылдың 14 тамызындағы N 1513 "Өрттен, табиғаттық және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қолдау шаралары туралы" қала әкiмдiгiнiң Қаулысы, (N 925, 2002 жылдың 12 қазанында "Дидар" және 2002 жылдың 5 қазанында "Рудный Алтай" газеттерiнде жарияланған).
      3. Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылдың 14 тамызындағы N 1513 "Өрттен, табиғаттық және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қолдау шаралары туралы" Қаулысына толықтырулар енгiзу туралы N 925 2002 жылдың 7 қарашасындағы N 2182 қала әкiмдiгiнiң Қаулысы (N 994, 2002 жылдың 30 қарашасында "Дидар" және 2002 жылдың 28 қарашасында "Рудный Алтай" газеттерiнде жарияланған).
 
 

      Өскемен қаласы әкiмi
аппаратының жетекшiсi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады