Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2010.04.02 N 322 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағы 14)тармақшасы, 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Қазақстан Республикасы бюджеттік кодексінің 53 бабының 1 тармағы 4) тармақшасы негізінде, "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" жөніндегі 007 бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмек түрлерінің көбейуі және әлеуметтік төлемдердің көлемінің өсуіне байланысты Семей қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетудің" 007 бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмек төмендегі санаттарға көрсетілсін:
1) аз қамтамасыз етілген отбасылары (азаматтарға), олардың ортақ табыстары бір адамға шаққанда күнкөріс деңгейінен төмен болса, халықтың осал - әлсіз топтарына өмірдің күрделі жағдайларына байланысты (ауырғанда, отбасы мүшелерінің біреуі қайтыс болса, апат жағдайларында, коммуналдық қызметтің, азық-түліктердің қымбаттауы және басқа да ойлағаннан басқадай қарекет жасауға мәжбүр ететін төтенше жағдайларда), мерекелік және атаулы күндерге Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Кеңес армиясы мүгедектеріне, интернационалист - жауынгерлерге, Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысушылар мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың жесірлері, Ауғанстанда қайтыс болған әскерлердің отбасылары, фашистік концлагерлер тұтқындары, тыл еңбеккерлері, көп балалы аналарға Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы қалалық филиалы тізімі бойынша зейнеткерлер мен мүгедектерге қоғамдық бірлестіктердің ұсынысы негізінде (басқадай құжаттар тапсырмай-ақ) күнкөріс деңгейіне дейінгі көлемде, қалалық бюджеттегі бар қаржыға сәйкес;
Ескерту.1-тармаққа өзгерту енгізілді- Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2009.02.23 N 216 қаулысымен.
2) Семей қаласының Құрметті азаматтарына қала әкімдігінің тізімі негізінде Құрметті азаматтың арнайы дипломы және куәлігі бойынша ай сайын 1,4 айлық есептік көрсеткіш көлемінде есептеліп, тоқсан сайын төленсін.
3) Республикалық және облыстық маңыздағы дербес зейнеткер мәртебесі бар адамдардың мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мақсатында 2009 жылдың қаңтарынан бастап ай сайын бюджетте көзделген қаржы мөлшерінде материалдық көмек берілсін. Осы санаттағыларға материалдық көмекті төлеу Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың қалалық филиалының тізімдеріне немесе ұсынылған өтініштерге сәйкес жүргізілсін.
Ескерту. 1 тармақ 3 тармақшамен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2009.02.23 N 216 қаулысымен.
2. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетудің" 007 бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмек көрсетуді азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қалалық комиссия қамтамасыз етсін. Комиссия отырысы айына бір рет қала әкімдігінде өткізілсін.
3. Тиісті қаржы жылында қала бюджетінде осы мақсатқа белгіленген қаржы көлемінде "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" жөніндегі 007 бағдарламаны қаржыландыруды қалалық қаржы бөлімі қамтамасыз етсін.
4. Төмендегідей болып белгіленсін:
1) азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қалалық комиссия әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындамау жөнінде шешім қабылдайды;
2) өтініш беруші тапсырылған құжаттардың толықтығына және сенімділігіне Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша жауап береді.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Ж. Мүсәпірбековке жүктелсін.
6. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді
Семей қаласының әкімі М. Айнабеков