"Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2008 жылғы 16 маусымдағы № 667 қаулыға өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 23 ақпандағы N 216 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 3 сәуірде N 5-2-107 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі N 322 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2010.04.02 N 322 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 56-бабының 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес және "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" 007 бағдарламасы бойынша төлемдер көлемінің кеңеюіне байланысты қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмек көрсету туралы” әкімдіктің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 667 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде 2008 жылғы 29 шілдеде № 5-2-93 тіркелген, “Семей таңы” және “Вести Семей” газеттерінің 2008 жылғы 7 тамыздағы № 32 жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1) 1-тармақтың 1) тармақшасындағы “сонымен қатар” деген сөздер алынып тасталсын;
      2) 1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) "Республикалық және облыстық маңыздағы дербес зейнеткер мәртебесі бар адамдардың мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мақсатында 2009 жылдың қаңтарынан бастап ай сайын бюджетте көзделген қаржы мөлшерінде материалдық көмек берілсін. Осы санаттағыларға материалдық көмекті төлеу Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың қалалық филиалының тізімдеріне немесе ұсынылған өтініштерге сәйкес жүргізілсін”.
      2. Қаулының орындалуын бақылау әкімнің орынбасары Т. Ж. Мүсәпірбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Семей қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы С. Оразалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады