Ескерту. Күші жойылды - Шемонаиха ауданының әкімдігінің 17.04.2014 N 104 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 238-бабы 3-тармағына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жоғары лауазымдық жалақылары белгіленген ауылдық жерлердегі
жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе), 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес анықталсын.
2. Тізбе Шемонаиха аудандық мәслихатына келісуге берілсін.
3. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 07 сәуірдегі № 98
қаулысы жойылсын.
4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2008 жылғы 1 қаңтарда туындаған қатынастарға таралады.
Шемонаиха ауданының әкімі Г. Ермолаев
Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 16 маусымдағы
№ 170 қаулысына 1 қосымша
Кенттер және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің жоғары лауазымдық жалақылары белгіленген ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдық тізбесі
1. Күту бойынша әлеуметтік қызметкер
Шемонаиха ауданы жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының бастығы Г.Н. Бабаева
Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 16 маусымдағы
№ 170 қаулысына 2 қосымша
«Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің жоғары лауазымдық жалақылары белгіленген ауылдық жерлерде жұмыс істейтін білім беру мамандарының лауазымдық тізбесі
1. Директор
2. Оқу жұмысы жөніндегі директордың орынбасары
3. Тәрбие жөніндегі директордың орынбасары
4. Алғашқы әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы
5. Кітапхана меңгерушісі
6. Кітапханашы
7. Аға вожатый
8. Медбике
9. Педагог-психолог
10. Тәрбиеші
11. Менеджер
12. Мұғалім
13. Әлеуметтік педагог
14. Музыка қызметкері
15. Әдіскер
16. Қосымша білім беру педагогы
17. Педагог-ұйымдастырушы
18. Аккомпаниатор
19. Өндірістік оқыту шебері
20. Оқытушы
Ескерту. 2-қосымша толықтырылды - Шемонаиха ауданы әкімідігінің 2008 жылғы 25 қарашадағы N 300 қаулысымен.
Шемонаиха ауданы білім
беру бөлім бастығы Т. Колтунов
Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 16 маусымдағы
№ 170 қаулысына 3 қосымша
«Шемонаиха ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің жоғары лауазымдық жалақылары белгіленген ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мәдениет мамандарының лауазымдық тізбесі
1. Кітапханашы
2. Мәдени-ағарту ұйымдастырушы
3. Музыкалық басқарушы
Шемонаиха ауданы мәдениет
және тілдерді дамыту
бөлімінің бастығы Ә. Селтаев