Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 104 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 мамырдағы № 3330 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 346 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 28.10.2014 № 346 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-1-бабына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 170 «Жоғары лауазымдық жалақылары белгіленген ауылдық жерлердегі жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-78 тіркелген, 2008 жылғы 11 шілдедегі № 28 «Уба-Информ» газетінде жарияланған).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкiмiнiң орынбасары С.Р. Нұртазаевқа жүктелсiн.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха ауданының әкiмi А. Тоқтаров
      Келісілді:

      Шемонаиха аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Баяндинов
      2014 жылы « 21 » сәуірдегі

  Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2014 жылғы « 17 » сәуірдегі
№ 104 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
      1) күту бойынша әлеуметтік қызметкер.
      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары;
      2) кітапхана меңгерушісі;
      3) мұғалім;
      4) оқытушы;
      5) педагог-психолог;
      6) педагог-ұйымдастырушы;
      7) қосымша білім беру педагогы;
      8) әлеуметтік педагог;
      9) музыкалық жетекші;
      10) тәрбиеші;
      11) аға тәлімгер;
      12) әдіскер;
      13) кітапханашы;
      14) менеджер;
      15) сүйемелдеуші;
      16) өндірістік оқыту шебері;
      17) медициналық бике.
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) музыкалық жетекші;
      2) музыкалық жетекші-сүйемелдеуші;
      3) аға мәдени ұйымдастырушы;
      4) мәдени ұйымдастырушы;
      5) мәдени ұйымдастырушы-хореограф;
      6) кітапханашы.
      4. Спорт мамандарының лауазымдары:
      1) спорттық қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары;
      2) әдіскер;
      3) нұсқаушы;
      4) жаттықтырушы;
      5) жаттықтырушы-оқытушы;
      6) дәрігер.
      5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
      1) мал дәрігері;
      2) 2) ветеринарлық фельдшер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады