"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 22-бабының 3–тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Интернатурада және резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 14 ақпанда N 5134 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2008 жылғы наурыз, N 3, 311-құжат ) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 27 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрыққа "Резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесі" деген 2-қосымшада:
15-тармақта "Неврология" деген сөз "Невропатология" деген сөзбен ауыстырылсын;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
" 16. Психиатрия
16.1. Балалар психиатриясы";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Сәулелі диагностика
18.1. Сәулелі терапия";
24- тармақ алынып тасталсын ;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Жалпы хирургия
26.1. Кардиохирургия, соның ішінде балалар кардиохирургиясы
26.2. Ангиохирургия, соның ішінде балалар ангиохирургиясы
26.3. Нейрохирургия, соның ішінде балалар нейрохирургиясы
26.4. Жақсүйек – бет хирургиясы, соның ішінде балалар жақсүйек – бет хирургиясы
26.5. Пластикалық хирургия
26.6. Балалар хирургиясы";
37-тармақ ", соның ішінде балалар" деген сөздермен толықтырылсын;
38, 41, 42, 43, 44-тармақтар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы тармақтармен толықтырылсын:
"46. Авиациялық және ғарыш медицинасы
47. Төтенше жағдайлар мен апаттар медицинасы".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (Хамзина Н.Қ.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік–құқықтық жұмыс департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр Ж. Досқалиев